Құлаған Су-27 ұшқыштарының сүйегі табылды

Құлаған Су-27 ұшқыштарының сүйегі табылды

Алматы облысында 23 қыркүйек күні құлап түскен Су-27 ұшағы ұшқыштарын іздеу барысында ұшақты басқарған подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтың сүйек бөлшектері табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бүгін, яғни сәрсенбі күні кешкісін хабарлаған.

"Қосымша ақпараттар арнайы комиссия жұмысының қорытындысы шыққаннан кейін жарияланады" - делінген ведомствоның хабарламасында.

Естеріңізге саламыз, Су-27 ұшағы 23 қыркүйек күні Алматы облысында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған. Әскери ұшақ Көксу елді мекенінің маңына құлап, машина қалдықтары 500 метр радиуста шашылып қалған.

Бұған дейін ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Марат Уашпаев Су-27 қарапайым метеорологиялық жағдайда, орташа биіктікте, әскери жарақ жиынтығынсыз ұшырылғанын айтқан еді. Марат Уашпаев "экипаж мүшелерінің тәжірибелі, жоғарғы санаттағы ұшқыштар екенін" де айтып өткен болатын.

Іздестіру операциясына төрт тікұшақ, 10 іздеу тобы, автокөліктер, барлығы 60-қа жуық адам жұмылдырылды.

Әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Құлаған ұшақ 2009 жылы Беларусьте  күрделі жөндеуден өткен, ол тағы үш жылға дейін пайдалануға жарамды болған.
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста