Ақмола облысында су құбырын тартып жатқан 59 жастағы ер адам топырақтың астында қалып көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Ақкөл қаласының «Наука-1» саяжай алабында сантехникалық жұмыстары кезінде болған.
Бұл жайында Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті медбике хабарлап айтқан.
«Белгілі болғандай, 59 жастағы ер адам шілденің 27-де сағат 16:30 шамасында үй иесімен ауызша келісім негізінде ені 1,5 метр, тереңдігі 2 метр шұңқырға түсіп, су құбырын тартпақшы болған. Осы кезде шұңқырдың жоғары қабатындағы топырақ опырылып, ер адамды басып қалған. Ол алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды», - деді ведомстводан.
ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz