Алматыда Пәкістан азаматтары кәмелет жасына толмаған қыздарға қол жүгірткен
Алматы тұрғындары пәкістандық нәпсіқұмарлардың бірін тауып алып, бейнетаспаға түсірген. Сөздерінше, зардап шеккендер полицияға арызданғанымен, тәртіп сақшылары өзге ел азаматтарын бірнеше сағаттан соң босатып жіберген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Құзырлы органдардың жұмысына көңілі толмаған тұрғындар арнайы бейнеүндеу жолдаған екен. Видеода 45 жастағы ер азаматтың қыздарға күш көрсеткендігі айтылған.
Шетелден келген азаматтар 14-15 жастағы қыздарды жұмысқа алып, оларға қол жүгірткен. Қыздарды түнде үйлеріне шақырған. Біз бұл азаматты бейнетаспаға түсіріп, құзырлы органдарға табыстайын деп тұрмыз. Біз бұл жерде оған қол көтеріп, артық әрекет жасағымыз келмейді. Бірақ жасөспірімдерге күш көрсеткендер заң бойынша жазалануы қажет, – дейді видеодағы азамат.
Аталған жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында Алматы қаласының Полиция департаментіне сұрау жолдадық. Департаменттің баспасөз қызметі мәселенің назарда екенін атап өтті.
Алматы қалалық полиция департаменті, 1979 жылы туған Н.есімді Пәкістан азаматына қатысты арыз, Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміне 25 шілде түскенін айтты.
Қазіргі уақытта, арызданушының шетелдік азаматтың кәмелетке толмаған қызына тиіскені туралы арызы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады, - дейді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, ер азамат Алматы қаласындағы сауда орындарының бірінде дәмханаға иелік етеді. Бейнетаспадағы азаматтардың сөзіне сенсек, олар өз қарамағына жас қыздарды арнайы талап бойынша қабылдап отырған.
Фастфуд орталығында жекеменшік тағам дайындайтын орны бар екен бұл кісінің. Қыздарды жұмысқа алар кезде ағаң жоқ па деп сұрап алады екен,- дейді видео авторы.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz