Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар Юрченко Александра Михайловнаны іздеп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі жергілікті полицияға сілтеме жасап жазды.
Кәмелдетке толмаған қыз 19 маусым сағат 15:00-де үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, әлі оралмаған.
Бойжеткен сұр түсті джинсы киіп, өзімен бірге қара түсті рюкзак алған.
Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімі, көздері жасыл, шашы ақшыл, иығынан төмен.
Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауға болады.