Жұлдыздарымыз қайда және қалай демалуда?
Қазақстандықтардың көпшілігі жаңа жылды қарсы алып, ерекше көңіл-күймен тойлап жатса, кейбіреулер жаңа жылдық мерекеге орай өздеріне демалыс жариялап, тіпті кейбіреуі жаңа жылды жылы жақта қарсы алып жатқандары бар. Атап айтқанда еліміздегі шоу-бизнес өкілдері жаңа жылдан кейінгі күндерін демалысқа арнап, шет елдерде демалып жатыр және демалыс кездерінде түскен қызықты сәттеріндегі суреттерімен Instagram әлеуметтік желісінде бөлісіп, демалыс күндері жайлы ақпараттар жариялауда.
Осы орайда демалыста жүрген жұлдыздарымыздың қалай және қай жерде өткізіп жатқандығы туралы мәліметтер ұсынып отырмыз.
Танымал актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды отбасымен Тайландтың Пхукет қаласында демалып жатыр. Тіпті жаңа жылды жылы жақта қарсы алыпты. Өзінің парақшасында Азамат Сатыбалды «Қайырлы күн, қазақ елі. Жаңа жылдың алғашқы күні құтты болсын. Жылы жақтан сағынышқа толы жалынды сәлем»,-деп жазбасын жазып, суреттерімен бөлісті. Демалысқа аттанғандарына 6 күн болды.
Тайланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтардың әйгілі демалыс орны.
Пхукет Тайландтағы ең үлкен арал болып табылады, сондықтан ол жеке провинция деп есептеледі. Аралдың батыс жағалауы ақ кораллды құммен жабылған жағалаулардан тұрады және Андаман теңізі өтеді. Өзінің инфрақұрылымымен ерекшеленетін Патонг жағажайы түнгі өмірді ұнататын туристтердің нағыз демалыс орны. Арал өзінің көне архитектурасымен қызықтырады. Жергілікті табиғаттың әдемілігі Кхао Пхра Тхаю халық паркінің джунглиінен көрініс табады. Сонымен қатар, мұнда көптеген таңғажайып бұрыштар бар. Олардың ішінде, аралдың оңтүстік шеті Лаем Пхрам Тхен. Мұнда теңіз бетінен күннің батуын тамашалауға болады. Теңіз зерттеушілерінің биологиялық орталығындағы аквариум ұмытылмас әсер қалдырады. Мұнда маржан плантациясы бар. Маржанды өсіру әдістері көрсетіледі. «Тайлық ауылдарда» халық мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік беретін фольклорлы көріністер күніне екі мәрте қойылады.Тамаша теңіз және суасты пейзаждары, кораллды өсімдіктері мен үңгірлері бар Андаман теңізі суастымен жүзуді ұнататындар үшін баға жетпес орын.
Сондай-ақ, Пхукет қаласының демалыс орындарында демалу құны $952 дан басталады.
Тележүргізуші, журналист Айгүл Мүкей де Тайландта Пхукет демалыс орнында демалуда. Парақшасында «Тамаша демалыс-керемет табиғат«,-деп жазды.
Танымал әнші Нұрлан Еспанов та жаңа жылды отбасымен шет елде қарсы алып, қазір демалыс күндерін Филиппиннің астанасы Манила қаласында өткізіп жатыр. Парақшасында әнші отбасымен түскен және Кореядан келген достарымен өткізген қызықты сәттеріндегі суреттерімен бөлісуде. Жаңа жылды да Кореядан келген достарымен қарсы алыпты.
Манила — Филиппин мемлекетінің астанасы. Қала елдің мәдени, саяси, экономикалық орталығы. Манил шығанағының батыс жағалауындағы Лусон аралында орналасқан, бұл негізгі айлақ, экономикалық, саяси және мәдени орталығы – Филиппин. Манила қаласы әлемдегі ең үздік туристтік орталықтардың бірі болып саналады. Өз алдына қаланың өзге қалалардан ерекшелігі өте көп. Мәселен осыдан бұрынғы ғасырлардан қалған архитектурасының өзі бір ғажайып. Сондай-ақ, Интрамурос ауданы ежелген келе жатқан әлемге танымал тарихи орталық және мұнда Манил қорғаны бар. Манила қаласына демалыс құны $1220 басталады.
Ал, продюсер Баян Есентаева, музыкалық продюсер Бағым Мухитденова, КТК арнасының жаңалықтар жүргізушісі Мадина Балғабаева, Гүлнұр Мамасарипова балаларымен кеше Үндістанның Гоа қаласына демалуға аттанды. Бұл жайында өздерінің Instagram-дағы парақшаларында суреттерімен бөлісіп, жариялады. «Қызықты ұжыммен демалуға кеттік»,-деп Мадина Балғабаева жазды.
Гоа-Үндістанның батыс жағалауындағы аймақ. Гоа Үндістан елінің ешбір басқа аймағына ұқсамайтын, туризмнің жақсы дамыған орталығы. Мұнда әлемнің түрлі елдерінен жыл сайын миллиондаған туристтер келеді. Жағалауы 110 км аумаққа созылған, жағалау бойынша 40 демалыс орны бар. Жалпы штат екіге бөлінеді, Оңтүстік Гоаға өзге елдерден көптеген танымал тұлғалар келеді. Сонымен қатар, Америка мен Европаның жастарының жыл сайын келетін туризмдік орталығына айналған. Гоаның тағы бір ерекшелігі-табиғаты мен таза ауасы. Туристтердің көбі мұндағы керемет табиғатты өз көздерімен көруге асыға келеді. Гоа туристтік орталығына демалыс құны $737 басталады.
Танымал дизайнер Аида Кауменова да жаңа жылды жылы жақта құрбыларымен қарсы алды және демалыс күндері әлі жалғасын табуда. Дизайнер құрбылары және олардың балаларымен Тайландтың Панган жағажайында демалысын өткізіп жатыр. Аида Кауменова парақшасында демалыс күндерінің суреттерімен бөлісті.
Панган жағажайы-Тайландтағы соңғы 30 жыл ішінде дамыған туристтік орталық. Панганның ерекшелігі мұнда әлемнің әр елінен келген туристтермен түнгі кештер жиі өткізіледі. Сондай-ақ, Панган жағажайына Тайланд каролі Рама жиі келіп тұрғанды үнатқан екен.Сонымен қатар, жағажайда бір теңізден екінші теңізге жеткізетін қайық-таксилер де бар. Әлемге танымал Поенг сарқырамасы да осы Панганда орналасқан. Бұдан бөлек мұнда бірнеше ірі әрі керемет сарқырамалар бар. Панган жағажайына демалыс құны 1082$ басталады.
Міне, біздің танымал жұлдыздарымыз жаңа жылды осылай демалыстан бастады.