Жұлдыз Әбдікәрімова жолдасы Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады. Актриса әншіге ақ жарма тілегін айтты.
Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі Қайрат Нұртасты ел алдында құттықтап, ақ тілегін жеткізді.
“Жаңа жасың тек жақсылығымен келсін.Елдің саған деген махаббаты ортаймасын, қыздарымыз бойжетіп, ұлдарымыз ержетіп үмітімізді ақтасын. Жолың ашық болсын. Алла тура жолынан тайдырмасын”, – деп жазды Жұлдыз желідегі парақшасында.
Қайрат Нұртас 33 жасқа толған туған күнін Мальдив аралында өткізген еді. Әнші өнер өкілдері мен жақындарының ортасында думанды кеш өткізді. Алайда бұл кеште жары мен балалары бой көрсеткен жоқ.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас Мальдив аралдарына балаларын алып баруды қалаған. Тек "қанша тырыссам да, бұйырмады" деген әнші бұған дейін әсерлі видео жариялаған еді. Онда Қайрат балаларының ән айтқан сәтін көзіне жас алып тамашалауда.
"Әлемде соғыс болып жатса да, көпшілікті Қайраттың жеке өмірі алаңдатады!" Жұлдыз Әбдукәрімова елді мазалаған сауалға жауап берді. Ол неліктен балаларын Мальдив аралдарына әкесінің туған күніне жібермегенін айтты.