Жанболат пен Жазираның орындаған әні плагиат боп шықты (ВИДЕО)

Қазақ әншілері ән ұрлапты дегенді естісек елең етпейтін жағдайға жеттік. Өйткені, біздің эстрада жұлдыздарының орындауындағы кейбір әндер не қырғыздың, не өзбектің, не түріктің туындылары. Арасында өзге де ұлттарға тиесілі музыкалар бар. Бір қызығы, ұрлық үстінде ұсталса да отандық әнші-сазгерлер еш ұялған емес, ұялғаны былай тұрсын, ұрлауын әлі де жалғастырып келеді.

Мәселен, Қазақстандағы түрік журналисі Оғыз Доған танымал отбасылық дуэт Жанболат пен Жазираны ұрлықы ән орындады деп айыптап отыр. "Хабар" арнасына қонаққа келген ерлі-зайыптылар "Сенен басқа" деген әнді шырқаған. Ал, әннің авторы ретінде сазгер Б.Шалабаевты көрсетіпті. Түрік журналисі бұл музыкалық шығарманы Түркияда бала кезден тыңдап өскенін айтады, түпнұсқадағы атауы "Сенден башка" екен.

"Қуандым... Өйткені, бір-біріміздің өлеңдерімізді айтып жүруіміз - тек қана тектеріміз емес, талғамдарымыз да бір деген сөз! Бірақ, экрандағы жазуды көргенде қатты таң қалдым. "Әні: Б.Шалабаев, сөзі: Ә.Бекарысұлы" дейді ғой! Қайдағы Шалабаев? Өлеңнің әні - Манос Хадзидакистікі! Композиторы грек болғанымен, 1970 жылдардың басынан Түркияда атағы шыққан, сонау жылдары алғашқы рет Эмел Сайын мен Фүсун Өнал тарапынан айтылған, бүгін де каверлары әнсүйер қауым тарапынан сүйіп тыңдалатын өлең ғой бұл! Интернет мүмкіншілігі кең тараған осындай жаһандану кезеңінде авторлық ұрлық оңай деп ойлайсыздар ма?" - деп жазды Оғыз Доған өзінің Facebook-парақшасында.

Журналист Жанболат пен Жазираны қазақ халқының беделін түсірмеуге шақырып отыр.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста