Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жақында тұрмысқа шығады. Көпшіліктің көз алдында өскен бүлдіршін қыз бүгінде теңін тауып, шаңырақ құратын жасқа жетті. Айжұлдыз көпшілікке сүйіктісін көрсетті.
Айжұлдыз бұған дейін өзінің қалыңдық атанатынын айтып, халықтан бірінші болып сүйінші сұраған еді.
"Мен оған иә деп жауап бердім. Енді мен қалыңдықпын", - деді Айжұлдыз желіде.
Енді парақшасында сүйіктісімен бірге түскен сезімге толы сырлы видео жүктеді. Айжұлдыз некесін қиғанын ашық айтты.
"Өмірлік қыраным. Біз енді ерлі-зайыптымыз", - деп жазды ол видео анықтамасында.
Желідегі оқырмандары құттықтау тілегін жазып жатыр.
"Құтты болсын: Бақытты бол!", "Не деген әдемі көрініс. Некелеріңіз баянды болсын. Тек бақыт тілеймін", "Қандай жарасымды жұп. Сіз үшін қуаныштымын", "Той болмай ма? Той қашан болады? Ақ көйлек қайда?", - деген сауалдар көптің көкейінде қалды.