Қалың көрерменге заманалы батаның қандай болатынын көрсетіп, әзілдеген қазақ актрисалары елдің сынына қалды деп хабарлайды NUR.KZ.
Видеода олар бүгінгі күннің "батасын" көрсетпек болған.
"4 G-ің мол болсын, лайктарың зор болсын. Интернет берсін, wi-fi берсін. Бір миллион лайкқа жететін күш берсін. Әумин", - деді "бата" беріп отырған бойжеткен.
Қыздардың бұл әзілін естіп, желі қолданушылары ашуға булықты. Олардың айтуынша, ата-бабадан қалған құндылықтардың бірі - батаны мазаққа айналдыруға болмайды.
"Бата да ойыншыққа айналған ба?", "Ендігі жетпегені батамен ойнау. Артық кетсем кешіріңіздер", "Одан да дұрыс көйлек кисеңдерші, ұялмай қарайтын", - деп жазды олардың дені.