Ұлының тойына келді: Ақбота Керімбекова екі баласының әкесін елге таныстырды (видео)

Әнші Ақбота Керімбекова ұлының тойында бұрынғы жолдасы, екі баласының әкесін елге арнайы таныстырды. Әншінің бұрынғы күйеуі мен қайын жұрты ұлының тойында қонақ болды.

Әнші екі ұлының әкесі Шалқарды елге таныстырып, әрқашан төріне шығаратынын айтты.

“Бүгінгі қуанышымызға ортақ болған барша ағайын-туысқа рахмет. Шалқар менің екі ұлымның әкесі. Тойға ұлымның әкесі, қайынсіңлілерім, қайныларым келді. Шалқар, саған рахмет. Екеуміздің ұлымыз ғой, ортақ қуаныш. Бұл енді өмір, ол үшін айыптамаңыздар. Қандай жағдай болмасын балаларымның әкесі менің төрімде тұрады”, – деді Ақбота Керімбекова.

Той қонақтары әншінің сөзіне қолдау білдіріп, қошемет көрсетті. Әнші ұлы мен келінінің ақ тілегін айтып, батасын берді.

“Бұның бәрі сендердің беттерің ашық, жарқын болу үшін”, – дейді әнші.

Бұл тілекке желідегі тыңдармандары да қосылып, ақ жарма тілегін жазды.

 

“Жастар бақытты болсын! Жұптары жазылмасын!”, “Ақбота дұрыс айтып тұр,өмір болған соң бәрі болады. Осындай баласының үлкен тойында әкесінің келгені дұрыс. Балалар бақытты болсын”, “Жаным ау сол, сен де бақытты болшы, Ақботаш”, – дейді пікір жазушылар.

Stan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста