Бүгін Қайрат Нұртастың шаңырағында қуанышты күн. Хитменнің асыл жары, төрт баласының анасы Жұлдыз жаңа жасқа қадам басуда. Бұл ретте Қайрат көпшіліктің алдында әйелін туған күнімен құттықтап, оған деген сезімін білдірді, деп жазады Stan.kz.
"Әумин жүрегім, рақмет! 40-қа дейін әлі талай сөздер шығады ғой қымбаттым!" - деп ризашылығын білдірді оған Жұлдыз.
Сол сияқты Гүлзира Айдарбекова да сүйікті келінін меншікті мерекесімен құттықтады. Продюсердің өзі де осыдан екі бұрын 51 жасқа толған еді.
"Жұлдызым жаным сол, туған күнің құтты болсын! Деніңе саулық, ұзақ та мәнді өмір тілеймін! Қайрат екеуің бір жастықта абыроймен қартайып, ұл-қыздарыңның сендерді бақытқа жеткізуін Алла нәсіп етсін! Мен үшін сен еліміздегі ең сұлу керемет ауыз толтырып айтатын мықты әйел, ана, азаматшасың. Біз сенімен мақтанамыз! Сенің осыншалықты көріктілігіңмен қоса жүрегіңнің сұлулығы мен ізеттілігің үшін, дүниеге алып келген Бекзада құдағиымды, қай жерде отырсам да бриллиант құдағиым деп мақтанып отырамын. Құда-құдағиыммен Нүрекең екеуіміздің сыйластығымыз арта берсін! Алла осы бақытымызды көп көрмесін, тіл-көзден сақтасын!
Анашыма Түркістанда құран бағыштап, күні ертең Алматы қаласындағы жамағатпен құран бағыштап, онан соң Астанада тағы да құран бағыштаймыз деп отырмыз. Биыл туған күн тойлауға көңіл-күйіміз жоқ болғандықтан, жаныңда бола алмағандықтан, ең болмаса осылай ізгі тілегімді білдіруді жөн көрдім, оқырмандарым да айып етпес. Әжең бата бергендей "Ұрпағыңмен көсегең көгерсін" ботам! Сендердей немере келіні, шөберелері бар әжелеріңнің Алла жанын жәннәтта етсін! Нағашы әжеңнің жасын берсін!" - деп жазды ол.
Оған: "Анашым, ақ көңіл ниетіңізге басымды иіп, алғыс айтамын. Әумин. Айтқаныңыз ИншАлла қабыл болсын. Сіздер бар болыңыздар, нар болыңыздар", - деп алғысын білдірді Әбдікәрімова.