Уәлибек Әбдірайымов: Менің бүкіл актерлік шеберлігімді қалыптастырып берген адам ол - Жүсіп

Уәлибек Әбдірайымов өзін актер деп есептемейді. Сатирик деп таныстыруға да ұялады. Кәсіби актерлік білімді оқымағанымен бүгінде ел ықыласына бөленген әртіс. Араб тілін меңгергенімен, кейіннен өнер жолына кеттім дейді ол. 

Бұл туралы “Жиырма бесінші сағат” бағдарламасында айтылды. 

Уәлибек Әбдірайымов өзін әдетте қазақ эстардасының сахна сатиригі деп таныстырады. Әртістер есіктен кірсе, мен тесіктен кіріп актер болдым дейді. 

“Мен Оспанхан, Көпен Әмірбектер секілді, Бейімбет Майлин секілді сатира жазбаған соң өзімді сатирикпін деп айтуға ұяламын. Актерлікті оқыған жоқпын. Ел есіктен кірсе, мен тесіктен кірдім. Менің бүкіл актерлік шеберлігімді қалыптастырып берген адам ол - Жүсіп. “Мына кезде былай ойла” деп нұсқау беріп отырды. Театрға барып, спектакльдерді көріп  актерлікті үйренген адаммын. Кезінде күріш зауытында, күріш ұрлап қара жұмысшы болдым. Инженер боламын деп ойладым. Орыс тілінен қиналған соң неге орыс болып тумадым екен деп ойлаған кезім болды. Нағашы атамнан араб тілін үйреніп жүрдім. Соны байқаған әкем мені араб тілін әрі қарай оқуға жіберді. Филологияға келдім. Жанымдағылардың бәрі кітап оқып келгендер екен. Мен өзімді мылқау адамдай сезіндім. Қазақтың ұлы халық екенін әдебиеттен ұқтым. Сөйтіп актерлікті оқыған жоқпын. Әр саланың басын бір шалдым”, – дейді Әдірайымов.

Театр әртісі жас кезінде әр саланы бір оқып, әр мамандыққа қызығушылық танытқанына өкінеді. Егер өмірім қайтып келсе, бала күнімнен кітап оқыр едім дейді. 

“Мен өмірге қайта келсем, кітап оқыр едім. Бала күнімнен кітап оқымаған адаммын мен. Не әдебиетті, не тарихты, не математиканы қатырмағанмын. Әр саланың басын бір шалдым. Театр ашқанша өзімнің кім болатынымды білмей жүрдім. Сонда о бастан бір нәрсенің шетін ұстасам, ұтылмайтын едім. Әдебиетті, тарихты жатпай-тұрмай оқыр едім. Сол өкінішім бар”, – деді ол. 

Айтуынша, театр сахнасында жүріп, кей адамдардан ұрыс естіген кездері болған. Мұны өзіміздің ағаттығымыз деп біледі. 

“О дүниедегі оқиға” деген сахна қойдық. Сол кезде Алланың даусын салдық. Соны көріп Серік Қалиевтен сөз естідік. Ақын азамат. Өзі дін жолында жүр. “Сендердің театрларыңды қолдаймын. Бәріне ризамын. Бірақ мына сахналарың тіпті дұрыс болмады. Сендер Алланың даусын салатын кімсіңдер?” деді. Қатты ұялдық. Имамдардан сұрап едім, оның сөзін қостады. Дінімізде Пайғамбардың суретінің өзін салуға да болмайды деді. Сол қателігімізге қатты өкіндік. Дінге аса мұқият болу керек деп түйдік”, – деді театр басшысы.

Уәлибек Әбдірайымов денсаулығының сыр беріп, ауырғаны кездерін еске алды. Бұл кездерде “Өлсем артымда жылайтын адам бар ма?” деп ойланған.

“Адам ауырғанда неше түрліні ойлайды екен. Тамақ іше алмай қалдым. Тіпті бұл өмірден кететін уақыт жақындады ма деп те ойландым. Адам түк емес екен. Алып кетем десе, ажал келсе, ешнәрсе де істей алмайды екенсің. “Өлсем артымда жылайтын адам бар ма?” деп ойландым. Бір журналист сұрақ қойды. “Өлсеңіз сізді сағынатын адам бар ма?” деді. Қатты ойландым. Шынында бәрі жалған, бәрі қысқа екен. Денсаулығыма салғырт қарағандықтан, сыр берді. Біз қазақтар денсаулыққа қарамайтын халықпыз. Сондықтан бардың қадірін білу керек. Қазір Аллаға шүкір деймін. Тәбетім жақсы. Денсаулығым жақсарды”, – деді Уәлибек Әбдірайымов.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста