Тілеухан ресейлік визажист маманды тоқалдыққа алған

Қоғамды жиі шулатып тұратын экс-депутат Бекболат Тілеуханның бұл жолы туған інісі жұрт назарына ілінді. Ulysmedia.kz сайтының ақпарат көздері Мейрам Тілеуханның ресейлік визажист маманды тоқалдыққа алғанын хабарлады. 

Әлеуметтік желідегі парақшаларынан Бекболат Тілеуханның жаңа келінінің есімі София Кляйн -Тлеухан деп өзгергенін аңғаруға болады. Яғни, жолдасының тегін тіркеп үлгерген. Сонымен қатар оның Мәскеу қаласында тұрғаны, визажист екені жазылған. Парақшаларының барлығын ашық ұстайтын Софияның кәсібіне арналған парақшасы – klein_sofi_beauty.

Жаңа келіннің желідегі жазбаларынан байқағанымыздай, оның Қазақстанға қоныс аударғанына көп бола қоймаған. Биылғы 3 қазаннан бастап Инстаграмм желісіндегі мекен-жайын Алматы деп көрсете бастаған. Ал Мейрам Тілеуханды "күйеуім" деп таныстырған.

Суреттерден олардың мешітке барғандығы, некелерін қидырғандығы байқалады. Сондай-ақ София Абай атындағы опера балет театрында жүр, жергілікті әртістермен танысып, араласқысы келетін сыңайлы.  

"Менің өмірімнің жаңа кезеңі. Ол мүлде басқаша болғанымен, маған қатты ұнайды. Соңғы кезде көптеген өзгерістер болып жатыр – өзге елге көштім, тіл үйреніп жатырмын, қайтадан көлік жүргізуді меңгеріп жүрмін, үйдің құрылысы, тойға әзірлік, намаз оқып үйрену, бірте-бірте исламға келе жатырмын", - деп жазды София Кляйн-Тлеухан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жаңа жұптың бозбала мен бойжеткендей бақытты өмірі романтика мен байлықтан басталып жатқаны байқалады. София кешегі сторисында жатын бөлмесінен суреттер жариялады. Онда раушан гүлдерінің күлтесі есіктен төсекке дейін шашылып жатыр.

Белгілі болғандай, кеше Бекболат Тілеуханның келіні болған Тоғжан Қожалы Фейсбук әлеуметтік желісінде енді Тілеухандар әулетінің келіні емес екендігін айтып жазба қалдырды. Қоғам белсендісі ретінде танылған Тоғжан Қожалы медиа салада Бекболат Тілеуханмен саяси көзқарастары сәйкес келмейтіні де айтылған.

Ол жазбада өзінің жақсы әйел, жақсы келін болғандығын атап өтіпті. Айтуынша, Мейрам екеуінің бір қызы бар.

"Осы пост арқылы ерлі-зайыпты Тоғжан мен Мейрам енді бірге емес екенін жариялаймын. Енді, мен Тілеухан әулетінің келіні емеспін. Жаңа жұпқа бақыт пен жақсылық, сондай-ақ көп балалы болуын тілеймін. Ал мен бұрынғыдан да бақытты тәуелсіз өмірдің жаңа кезеңін бастадым", - деп жазды Тоғжан Қожалы.

Жаңалықты таңданыспен қабылдағанын айтқан көптеген желі қолданушылары шешімдерінің оң болуын айтып, ақ тілектерін білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста