Тамара Асар тек сырттай иманды көрініп, балағат сөйлейтін желі қолданушысын сөгіп тастады
Тамара Асар желідегі қолданушысын сөгіп тастады. Өзіне сын айтқан желі қолданушысына мін тақты. Оның сырт көз үшін иманды болып көрінетінін айтты.
Әнші суретіне жағымсыз пікір жазған желі қолданушысы жайлы жазды. Ол бойжеткеннің парақшасында өзін иманды қыз секілді сипаттап, алайда балағат сөздер жаза беретінін байқап қалған. Бойжеткен Тама Асар мен Мәдина Сәдуақасова, Дильназ Ахмадиева үшеуі түскен суретке жағымсыз сөз жазған.
"@aiganym_aiko мына қолданушы Мәдинамен, Дильназбен түскен суретіме көзге ерсі көрінетін пікір қалдырыпты. Парақшасына кірсем жап-жақсы "Машалла" сөзін жазып қойған. Ал, өзінің жазып отырған пікірі мынандай. Тағы бір қолданушы @kassymova9092 Мәдина екеуміздің көйлегімізді пердеге, Дильназдың көйлегін пижамаға ұқсатыпты. Мен ренжіп жатқан жоқпын. Тек айтарым, адам жазған пікірін сырттай қарап көрсе дұрыс болар еді. Сіздер қалай ойлайсыздар?", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге басу айтып, ешкімнің сөзін көңілге алмауға шақырды.
"Санасы төмен адамның сөзін елемеңіз. Іріген ауыздан шіріген сөз шығады", "Қазір тек сырттай иманды болып көрінетіндер көбейді ғой" деп жазды пікір жазушылар.