2016-шы Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқан Алтынай Жорабаева жеке өмірі туралы мүлдем тіс жармайтын әншілердің бірі. Алтынайдың інісі Талғат Жорабаев әпкесінің үйде де тұйық жан екенін айтады. Әншінің інісі әпкесінің отбасында болып жатқан оқиғалар сол ешкімге ештеңе айтпағаннан дейді.
Талғат пен Алтынай Жорабаевтар. Фото: Интернет желісінен
"Отбасымызда Алтынай өте тұйық адам. Ол өзінің ішкі жан-дүниесін біздерге ашылып айта бермейді. Бұл болып жатқан оқиғалардың барлығы сол айта бермегеннің салдарынан. Ештемесін айтпай, төзіп жүре берген. Соңында вулкан да атылады ғой",- деді Талғат.
"Әйел, бала-шаға деген бізге Алла тағаладан берілген аманат. Ал аманатқа қиянат жасау, екіжүзді адамның бет-бейнесі. Сондықтан да Алла тағала бүкіл несібеңді балаларыңа беремін дейді ғой. Кейбіреулер бала-шағаны тастап кетсем, өз рахатыма өмір сүремін дей олайды ғой. Шындығында олай емес, соңында дымсыз қалады деген әңгіме ғой. Бала-шағаңа дұрыс қарамасаң, ертеңгі күні Алла тағала бәрібір оны алдыңнан шығарады",- дейді әнші.