Тағы мазақ қылыңдар: Танымал сазгер “Опмай” әнінің орындаушыларына риза екенін айтты

Белгілі композитор, көптеген әндердің авторы Жарылқасын Дәулет “Опмай-опмай” әнінің орындаушылары мен авторларына ризашылығын жеткізді. Сазгердің айтуынша, мағынасыз мәнсіз туындылар көбейген мына заманда осындай пародиялар бізге керек. Композитор “Азия” және “Бақай” топтарына жұмысты осы қарқында жалғастыруға кеңес берді.

Бұл туралы КТК арнасының “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Әншілерді екі топқа бөлемін. Біреуі – отпен ойнайтын ақымақ әншілер. Ол отпен ойнап отырған бала сияқты, тастай салса, шөп, үй өртенеді, елді бүлдіреді. Бір қолымен әлемді тербететін Роза Рымбаева, Роза Бағланова, Әміре Қашаубаев елді тәрбиелейтін парасатты әншілер. Ондай әншілер бізде қазір қазақта тірі жүргендерден 10 пайызға жете ма, жетпей ма?! Ал отпен ойнайтын ақымақ әншілер 50-60 пайызды құрайды.

Мен мына балаларды жақсы көріп отырмын. Неге? Біз қазір әншілер не айтса, халық соны тікелей қабылдайды, солай өмір сүреді. “91” деген халықтың азғындары шықты. Мағынасыздыққа, мәнсіздікке итермелейтін ақымақтар шықты. Ал бұл балалар соларды мазақ қылып: “Сендей үйтпеңдер, мына сияқты ноқалай болмаңдар” деп айтып отыр. Ризамын бұл жігіттерге. Пародия керек бізге. Сендер сияқты жігіттер керек, бұдан да мазақ қылыңдар. Ана оңбағандарды табаның астына салып, таптап беріңдер”, – дейді Жарылқасын Дәулет.

Ал белгілі сыншы Әмина Құрман өзге әншілерді мазақ қыламын деп өз әндерінің сөзіне мән бермеген орындаушыларды сынға алды.

“Музыка – құдіретті өнер. Мына әнді қалай шығарғандарыңа қарап отырсам, ерігіп, біріңнің үйіңе бірің барып, не істейміз деп шығара салыпсыңдар. Өздерің өлеңнің сөзінің мағынасыздығын сынап отырсыңдар. Ал өздеріңнің өлеңдеріңде мағына болып тұр ма? Неге сендерге танымал ақындар сөз жазбай қойды? Неге Ринат Зайытов, Аян Сейітов жазбай қойды? Осы әнге түгел қазақ халқы бас иіп тұрғандығына сенімдісіңдер ме? Жоқ, азғантай топ десеңдер бір сірә?! Сөздердің мағынасына мән беретін кездерің жетті. Қашанғы осылай күліп жүре бересіңдер?

Өлең деген поэзия, оған көркемдік керек, образ бен мағына керек. Күліп тұрған ол есірек топ. Халықтың санасыз бөлігі, ол – тобыр. Ал қашан ойландыратындай ән, халықтың рухын көтеретіндей ән болады?” – деп ашынды ол.

Stan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста