Қараңғылық, құрт-құмырсқа, ит-құс. Осы сөздердің өзі кейбір адамдардың бойында үрей туғызады. Әр адамның ерекше қорқатын дүниесі болады. Ғылым тілінде «фобия» деп аталатын адамға тән қорқыныш сезімі әртүрлі. Өзіміз күнде сахнадан, теледидардан көріп жүрген өнер адамдары неден қорқады? «Жұлдыздардың» фобиясы туралы біле жүріңіз...
Белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы өзі білмейтін, өзіне таныс емес құбылыстардан қорқады екен. Ол электр жүйесін ерекше қорқады. Әнші тоқ соғудан қорқатын болу керек.
Майра Ілиясова халықтың өзін тыңдамай қоюынан, концерттерге шақырылмай қалудан қорқады. Майра апай үшін фобияның үлкені осы.
Ал актриса, әнші Айгүл Иманбаева иттен қорқады екен. Бала кезінде үйдің ауласында ойнап жүрген 3 жасар Айгүлді тамағын қызғанған ит білегінен қауып алыпты. Қолына күрделі ота жасатып, ұзақ уақыт ем алған Айгүл мұндай қорқынышты оқиғаны қалай ұмытсын. Бала күнінде иттен әбден қорқып қалған әнші қазір де ит көрсе «төбе шашы тік тұратынын» айтады.
Ералхан Әбішев сынды әнші халықтың көңілінен шықпай қалудан қорқады. Әлемде болатын тосын жағдайлардың бәрінен қорқамын дейді әнші.
«Алашұлы» тобының мүшесі әнші Мақсат Рахмет Сахнаның киесінен қорқатыныни айтады. Дайындықсыз, халыққа деген құрметсіз сахнаға шыққан өнер иесін сахнаның кепиеті атады дегенге сенеді әнші.
Өмірқұл Айниязов пен Жәмила Серкебаева секілді өнер иелері қараңғыдан ерекше қорқады екен.
Алтынай Жорабаева құрт-құмырсқа, бақа-шаяннан қорқады. Әлі күнге әнші өзінің бала күнінен бері қорқатын осы жәндіктерге деген қорқынышынан арыла алмай келеді.
Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанованың осал тұсы – теңіз суы. Бірде суға ағып кете жаздаған әнші әлі күнге суға түсуден қорқады екен.
Шоу-бизнес жұлдыздары неден қорқады? (видео)
Читайте также
Жұлдызы жарасқан жұптар немесе жұбы жарасқан жұлдыздар
Бүркіт, әнші: "Қазақтың қызы табылмады ма?" деген сынды жиі естимін
Атақты асабалар: кім қанша сұрайды?
Қазақстандық белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қатерлі ісікке шалдықты
Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптар (фото)
Қазақтың 100 әншісі жабылып бір Бейонсенің табысына жете алмайды
Последние статьи автора