Кредит туралы ән шығарып, елді тағы бір мәрте шулатқан "Байқай" мен "Азия" тобы өздерін сынға алған Қайрат Нұртасқа жауап берді. Шоу-бизнес жұлдызы әріптестеріне мақтауға тұрарлық ән айтуға кеңес берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бақай" мен "Азия" әншілері өздерінің шығармашылығына қатысты сыни пікір білдірген Қайратпен жеке сөйлекспекші екен.
Екі топтың жігіттері де хитменнен мұндай сөз естиміз деп ойламағандарын алға тартты.
"Қайрат Ринаттың досы болғаннан кейін, әзілмен айтқан шығар, досына тиісіп жатқан шығар деп түсіндім" , - деді Бек Шәріп.
Бұл тұрғыда оның ойымен "Азия" тобының мүшесі Ербол Шәріпов те толықтай келісіп отыр.
"Қайрат менің күйеу балам. Қазақтың барлығы бір-біріне туыс, құда, жекжат болып келеді ғой. Біздің рудан қыз алып отыр, менің күйеу балам.
Мен шыны керек, әлі түсінген жоқпын. Ол қазір демалыста жүр. Келгеннен кейін, мүмкін түсіндірер деп ойлаймын. Не ренжитінімді, не ренжімейтінімді білмей тұрмын.
Ол келіп, көзбе-көз сөйлескеннен кейін бір нәрсе айтатын шығар. Немесе қалжыңдаған болса, қалжыңдағанын айтар. Білмеймін енді" , - деді "Азия" әншісі.
Өнер иелері Қайрат Нұртас демалыстан келген соң бұл мәселеге қатысты онымен жеке сөйлесетіндерін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Қайраттың атышулы әнді сөгіп тастағаны туралы жазған болатынбыз. Әнші өнердегі әріптестерінің жаңа туындысын сынға алған.