Қытайда Мейрамбек Бесбаевтың "сыңары" тұрады

Қытайдан белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың "сыңары" табылды, - деп хабарлайды Қамшы.kz порталы.

Дауысы да, түр-сипаты да Мейрамбек Бесбаевтан аумайтын әншінің аты-жөні - Бақыткелді Мұқашұлы. Ол 1989 жылы Шыңжаңдағы Іле Қазақ автономиялық облысының Шапшал-Сибо ауданында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қытайдың Үрімжі қаласында тұрады. Мұқашұлы 2008 жылы Қайнар Бәзілжанұлы, Санат Тұрсынбақытұлы деген өнерпаздармен бірлесіп, "Гәкку" атты топ құрады, екі альбомды жарыққа шығарады ("Жаңаарқа", "Басқа жыл"). Алайда бұл топ Қайнар есімді әншісінің Қазақстанға көшуіне байланысты тарап кетіпті.

 

Бақыткелді Мұқашұлымен "Гәкку" атты топта бірге өнер көрсеткен әнші Қайнар Бәзілжанұлы Tengrinews.kz тілшісіне Мейрамбек Бесбаевтың жас "сыңары" туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Бақыткелді Мейрамбекке бала кезінен еліктеген. "Бақыткелдінің дауысы шын мәнінде Мейрамбек ағамыздың дауысына ұқсайды. Өзі домбыра да шертеді. Жүріс-тұрысы, қимылын сахнадан көргендер Бесбаев екен деп қалатынын ылғи айтып жүреді", - деді ол.

Айта кетейік, Бақыткелдінің арнайы музыкалық білімі жоқ. Қазір ол "Дос" деп аталатын топта әнші Жәнат Нұрсұлтан есімді жігітпен бірге ән орындайды. Әлеуметтік желідегі фотосуреттеріне қарағанда, Бақыткелді өзінің сүйікті әншісімен өмірде жүзбе-жүз кездескен.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста