«Жалт етіп өткен» әнімен ел ішінде есімі жақсы таныс Әсем ана атанды. Берекелі бейсенбіде ол, 3 келі 200 грам қызға өмір сыйлады. Баланың да, ананың да жағдайы жақсы.
Олардың жай-күйін отағасы Нұрғиса Әлмұраттан сұрап білдік. «Жұлдыз FM» толқынының жүргізушісі мен Әсем Көпбаеваның отбасын құрғанына бір жылдан асты. Тұңғыш перзентінің есімін ата-әжесі ойластырып қойған. Жаңа нәрестеге берілген есім — Арифа екен. Араб тілінен аударғанда «данагөй, ақылды» деген мағынаны береді.
Рок жанрында ән салудан алдына жан салмайтын әнші, енді тұңғышын тәрбиелеумен айналысады. Алайда, бұл Әсем өнерден кетеді деген сөз емес. Ал, алғаш рет әке атанған Нұрғиса өз мамандығымен, яғни режиссерлікке кірісіп, жаңа жобалар жетекші болып жатыр.
Жұлдызды шаңырақта естілген сәби үні жалғаса берсін демекпіз. Бөбектің бауы берік болсын!