«Тоқал» десе, үйдегі әйелдердің төбе шашы тік тұрып, көздері атыздай болып кететіні рас. Десе де көптеген еркектер, оның үстіне дін жолында жүргендер екінші әйел алу мәселесіне оң көзбен қарап, қолдайтыны белгілі.
Тоқал деген кім? Кейбіреулері ол сөздің мағынасын «ашына» деген сөзбен шатастырып жатады. Алайда, екінші әйеліде мешітке барып, неке қиып бәйбіше секілді күйеуінің жағдайын жасап, мойынсұну керек. Бірінші жұбайының рұқсатып алып, екі отбасыға тең қарайтын ер-азаматтар ғана адал бола алады. Міне, бүгінде басты мәселеге айналған бұл жағдайға байланысты танымал өнер иелері «Жұлдыздар отбасы» журналына сұхбат берді.
Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, «кәрі қыздар өмірден жалғыз өткенше, бір азаматтың тоқалы болсын» дейді. Меруертке ұсыныс білдіргендер болған екен. Алайда, ер жетіп қалған баласы мен туғандары дұрыс түсінбей, қабылдамауы мүмкін екенін жеткізді.
Ал, журналист Маржан Сұлтанбайдың сөзінше, екінші әйел алуды заңдастырғанымен қыздардың барлығы тұрмысқа шығып бақытты болады деп ойламаймын,-дейді. Сондықтан, әркім өз өмірінің қожайыны деп түсіндірді.
Белгілі әнші Сандуғаш Стамғазиеваның ойынша, екі тізесін құшақтамай, тоқал болып, бала сүйген дұрыс. Кезінде жетімін жылатпай, жесірін қаңғыртпаған ата-бабаларымыз екінші, үшінші әйел алған дейді.
Ал, сіз тоқал мәселесіне қалай қарайсыз?