Қарақат Әбілдина өзін Тасмағамбетовпен байланыстырғандарға жауап берді

 

 

Қарақат Әбілдина өзін Иманғали Тасмағамбетовпен байланыстырған ел аузындағы әңгімелерге қатысты жауабын берді. Әртіс жеке өмірі туралы өрбіген сөздердің ақ-қарасын айырып, нүктесін қойып берді.

Қарақат Әбілдина сұхбатында Иманғали Тасмағамбетовті өзіне телу арқылы Қыдырәлінің намысына тиіп, мұқатуды көздеген біреулердің барын жасырмады. Әнші мұны жұбайына тасада тұрып тас лақтырғандардың ісі деп ұғатынын ашық айтады, деп жазады arhar.kz.

“Адам қашанда адамдықтан аттамауы керек қой. Тілім бар екен деп қисынға келмейтін әңгіме айтатындарға жаным қас. Бір кездері мені Тасмағамбетовпен де байланыс­тырғандар болды”, – дейді әнші.

“Кезінде Қыдекең Иманғали ­Тасмағамбетовтің тікелей қол астында жұмыс істеді. Саясаткер ретінде оны қатты үлгі тұтты. «Тасмағамбетовтің мектебінен өткенмін. Ол кісіден көп нәрсе үйрендім», – деп мақтанышпен әлі күнге айтады. Иманғали аға – тұлға, ел жүгін арқалаған азамат, өзінің үлгілі отбасы бар”, – дейді Қарақат.

“Ит үреді, керуен көшеді, біз отбасымызда мұндай жалған сөздерді талқылап, бас қатырмаймыз. Қорғаным Қыдырәлі менің адалдығыма сенеді. Алланың алдында да, адамның алдында да таза екенім өзіме мәлім”, – деп ойымен бөлісті әнші.

Соңғы кездері жұлдыздардың өмірін қызу талқыға салатын Instagram желісінде әнші Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановты жасанды жұп деп айтатындар да ұшырасады.

«Қарақат ауылымызға келгенде жездеммен ойнақ салып, әпкемнің отбасының ойранын шығарып кеткен» деп жазыпты

“Мен Қыдекеңнің азаматтығын, алтын басын сыйлаймын, төрт перзентімізді де Алланың қалауымен Рамазан айында дүниеге әкелдім. Құт-берекесі жарасқан шаңырақтың отанасымын, сүйеу болар азаматым, құлыншақтарым бар. Менен мін іздеп, өмірімде кездесіп, бірауыз тілдесіп көрмеген адамдар «Қарақат тәкаппар екен» деп жазғанда жағамды ұстаймын. Иә, менің түрім сондай суық көрінеді, бірақ мен оған кінәлі емеспін ғой”, – дейді Әбілдина өз сөзінде.

Қарақат әлеуметтік желіге жүктеген суреттерінің астында көп пікір жазып, жұртты дүрліктіретін адамдардың бар екенін айтады. Тіпті кейбір жазылушылар әншінің ызасын келтіріп, арына тиетін сөздер жазған.

“Бір күні суретке түсіп, Instagram-ға салдым. Сөйтсем, кешке қарай суретімнің астына төрт жүз пәленбай пікір жазылыпты. Бұл сурет сонша шу тудыратындай емес еді ғой деп пікірлерді оқып отырсам, бір келіншек «Қарақат ауылымызға келгенде жездеммен ойнақ салып, әпкемнің отбасының ойранын шығарып кеткен» деп жазыпты. Содан кейін неше түрлі пікір кетіпті”, – дейді әнші.

Қарақат мұны оқып алып, ар-намысымның аяққа тапталғанына қатты күйінген. Үндемей, келіншектің пікірін мүлде өшіріп тастауға дәті жетпеген әртіс шуды бастаған қызбен байланысуға бел шешкен.

Өйткені өзім ақ бола тұра, артымнан сонша сөз айт­қанына ызаландым. Шындық болса бірсәрі, ақтығым Алла алдында аян

“Өйткені өзім ақ бола тұра, артымнан сонша сөз айт­қанына ызаландым. Шындық болса бірсәрі, ақтығым Алла алдында аян. Содан ақиқаттығына жетпей арым тыншымады. Шуды бастаған қызға «телефон нөміріңді жазып жібер» деп қысқа қайырдым. Ол жазып жіберген нөмірге хабарлассам, оңтүстіктегі Түлкібас ауданының бір ауылында тұратын жас келіншек екен”, – деп жалғастырды сөзін Қарақат.

«Мен туралы қандай дерекке сүйеніп айттың? Маған әпкеңнің, жездеңнің атын айт, қай жерде, қай күні болған нәрсе ол?» – десем, «Өлә, сіз шынымен Қарақатсыз ба? Мен сізді хабарласады деп ойламаппын», – деп келіншек таңғалып тұр. «Иә, мен. Маған фактімен сөйле. Кімнің отбасының шырқын бұзыппын?» – дедім. «Мен жай… сізді сондай деп естігенмін…» – деп күмілжиді. Бар айтқаны сол болды”, – дейді Қарақат.

Әбілдина бұл жағдай өзгелерге сабақ болсын деп қызды жауапқа тартқысы келген. Сөйтіп, ол келіншек туралы мәлімет іздетіп, құқық қорғау органдарын да аяғынан тік тұрғызған. Директорына тапсырыс алған той иелерінің нөмірлері мен барған тойларының мекенжайы жазылған құжатты ақтартқан.

“Сөйтсем, бұл келіншек күйеуінің несиеге алып берген телефонымен Instagram-ға тіркеліп, ойына келгенін жазып жүрген. Ал күйеуі ауылда мал бағады екен, ештеңеден хабары жоқ. Бар мән-жайды білген соң, төртінші перзентін босанайын деп отырған әйелін таяқтың астына алыпты”, – дейді әнші.

Әлгі келіншек Әбілдинаға «Толғағым келіп, перзентханаға кетіп бара жатырмын. Сіз туралы ғайбат айтсам, кешірім сұраймын. Мені кешіріңізші» деп жазып жіберген.

Әңгіме барысында Қарақат пікір жазушыларға өзі туралы біреу жаман айтты екен деп жаман болып кетпейтінін, мақтады деп асқақтап кетпейтінін баса айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста