“Текті екендеріңді көрсетсеңдерші одан да. Өздерін тектіміз деп қояды ғой”, “Жақсылар жақсымын деп айта алмайды. Жамандар жақсымын деп айқайлайды деген осы болды ғой”, “Тектімін деп мынау не қуып отыр. Молда болып бала оқытып отырған адам құсап өзін текті деп атауын-ай. Өлең айтып маймыл болып жүрген жоқсың ба?!”, “Төреш, сәл ойланып жазшы. Мына сөздеріңді өзіңе арнап айтып жатсаң, артық кеткенің” дейді желі қолданушылары.
Араға әншінің директоры Фарида Серікқызы түсіп, оны қорғап алуға тырысды. Арасында “Қалай жүріп тұрсаң да, қалай сөйлесең де жұртқа жақпайсың. Төреғали сені тек биіктен көрейік. Әр қазақтың баласы сендей болсын”, “Жарайсың! Біздің мектептен тек мықтылар ғана шығады”, “Қазақ халқының бәрі текті” деп жақтай түскендер де болды.