«Ондай адамды мен әлі кездестірген жоқпын»: Болат Назарбаев бәйбішесі туралы сұхбат берді

«Өзіңе ана құсап кетеді екен ғой. Еркелейсің оған», - дейді елбасының інісі.

Youtube әлеуметтік желісіндегі Aina арнасына экс-президент, қазір Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев өзінің бірінші әйелі туралы сұхбат беріпті. Айтуынша, «анасындай болып кеткен» бәйбішесі қазір қара шаңырақтың түтінін түтетіп отыр екен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен, диктофон арқылы қашықтан қысқаша өрбіген сол блиц-сұхбатты қаз-қалпында берейік...

– Отбасы, отау құрған, алғашқы кездескен сәтіңізді бір еске алайықшы...

– Мен онда әскерден келгеннен кейін марқұм ағам Сатыбалды Үштөбеде, Бірінші май деген совхозда тұратын. Үштөбеде шофер болып жұмыс істедік, бауырым екеуміз. Содан сол совхозда осы Гүлжанды кездестірдім (бірінші әйелі – ред.). 1974 жылы 4 декабрь күні осы Шамалғанға алып келдім.

– Жылын, күнін бәрін жақсы білесіз...

– Иә, білем ғой енді (күледі).

– Қанша ұл-қыз сүйдіңіз?

– Гүлжан екеумізде – 2 қыз, 1 ұл.

– Ал енді бүгінде қара шаңырақтың отын өшірмей, гүлдендіріп, жайнатып отырған біздің Гүлжан апамыз ғой?

– Иә.

– Араларыңыздағы махаббат әңгімесі бүгінде достық, сыйластыққа ұласқан шығар?

– Ол енді... міне, скоро 50 жылға жақындап қалады ғой. Уже қарағанымыздан-ақ түсінеміз ғой, бір-бірімізді. Не айтайын деп отырғанын білесің. Менің не айтайын деп отырғанымды түсінеді. Өзіңе ана құсап кетеді екен ғой. Еркелейсің оған. Ол енді... несін айтайын... Ондай адамды мен әлі кездестірген жоқпын. Бір сөз айтқан емес, осы уақытқа дейін.

– «Ең бастысы, аман болшы» дей ме?

– «Аман болшы» дейді, иә.

Бәйбіше туралы қысқаша айтары осы болыпты. Ал әлеуметтік желілерде оның бірнеше жас тоқалы бар екені туралы алып-қашпа әңгіме көп. Бірақ, жеке өміріне қатысты ондай ресми дерек жоқ.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста