Он үш жыл күтті: Шахизада үшінші күйеуі туралы айтып берді

Жақында үшінші рет тұрмыс құрған әнші Шахизада жолдасы жайлы айтты. Он үш жыл бұрын сөз салған ғашығы ақырында арманына қол жеткізген екен. Тек бүгінде қасында емес. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен тұрмысқа шықтым. Бұл Алланың маған берген сыйы деп ойлаймын. Жалғыздық Аллаға ғана жарасады. Тек жолдасым қазір Түрік елінде. Жақында оралады, бұйырса. Мен еліме аттанайын, қызмет етейін, жұмысымды жалғастырайын деп кеттім”, – деді әнші. 

Айтуынша, өзінің құр отырмайтын пысықтық қасиеті күйеуіне ұнаса керек. 

“Ол менің бір орында отырмай, үнемі  әрекет етіп жүргенімді ұнатады. Жұмысқа қарсылық білдірмейді. Бізде бәрі достықтан басталды. Он үш жыл бұрын сөз салған. Бірақ мен ол кезде тұрмыс құрам деп ойламадым. Дос болып жүрдік. Ол қалайда бір күні менің келіншегім боласың деп армандайды екен. Ақыры Алла сол арманына жеткізіпті. Сезімнен бұрын сыйластық маңызды. Арадағы қашықтың сыйластығымызға кедергі емес”, – деді ол.

 Бұйырса "Мен едім" деген тақырыпта ән шығады. Ол әнге де бейнебаян түсіремін, оны да көре жатарсыздар.

Шахизада жолдасының суретін жариялаған жоқ. Оның кім екенін де ашып айтпады. Бұған дейін әнші өзінің сүйіктісі барын жасырмай айтқан еді. 

Айта кетейік, Шахизаданың үш немересі бар. Көп балалы ана болуды армандаған әнші бір баланы ғана өмірге әкелгенімен, келіні оған үш немере сыйлады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста