Нұрлан Өнербаев бірнеше жыл саясатта, мемлекеттік қызметте, түрлі басшылық қызметте еңбек еткенімен әншілік өнерін тастаған жоқ. Әнші өзі жайлы түрлі әңгімелер айтылатынын жасырмайды. stan.kz
Бұл туралы “Талқылайық” бағдарламасында айтылды.
Нұрлан Өнербаева қазір “Нұр Отан” партиясының мүшесі емес. Ресми түрде шығарылмағанымен, өзі бас тартқан. Партияның бәрі сайлау жақындағанда ғана жұмыс жасайды дейді ол.
“Мен қазір “Нұр Отан” партиясының мүшесі емеспін. Ресми түрде шығарған жоқ. Өткен праймериз кезінде менен сұрады. Бірақ мен бас тарттым. Мені іздемеген партияға мен не үшін мүше болуым керек? Партиялар сайлау мен сайлаудың арасында ғана жұмыс жасайды”, – деді Нұрлан мырза.
Өнербаев өзінің елбасы Назарбаев алдында бірнеше рет өнер көрсеткенін айтады.
“Мен президент оркестрінде жұмыс істедім. Мен Назарбаевтың “любимчигі” болдым деп айта алмаймын. Бірақ елбасының алдында талай рет өнер көрсеттім. Ән айттым. Қатар тұрып та ән айттым. Ол кісінің өнерге деген ерекше ықыласы болды. Халық әндеріне деген ықыласы болды. Ол кісі мені ерекше жақсы көргеннен өнерімді тамашалады деп ойламаймын. Елбасының өз аузынан да мұндай сөз естіген емеспін. Өзге біреу де маған келіп олай айтқан емес”, – деді ол.
Нұрлан Өнербаев бір жылдары радиода басшылық қызметте болды. Әнші сопылық ағыммен өзін ешнәрсе байланыстырмайтынын ашып айтты.
“Мен 5 жыл радиода басшы болдым. Ол уақытта радиода, телеарнада жұмыс істеген бірнеше журналист, басшы сопылыс ісі бойынша жұмыстан кетті. Мен олардың осы ағымға қатысы барын осы жанжалдан соң білдім. Олар өз ісінің кәсіби мамандары. Тек журналист ретінде таныдым. Ал жұмыстан тыс уақытта немен айналысқанын білмеймін. Ал теле-радионы пайдаланып, үгіт-насихат жасалған жоқ. Ол кезде ағым арасында бақталастық болды. Басшылықта сопылар көбейіп кетті дегендердің бақталастығы. Егер қазір қарасақ, мемлекеттік төңкеріс жасап жатқан ағыдар жетерлік. Оның қасында салыстыруға да келмейді. Қазір ағымдар көп”, – дейді Өнербаев.
Әнші бүгінде бес уақыт намазда. Алайда намаз үшін ешқандай ортадан алыстамағанын айтады.
“Мен намазға жығылғалы әншіліктен кетті деп айтады. Бірақ мен әншілікті, өнерді тастаған жоқпын. Ортам да алыстаған жоқ. Керісінше шөлмек құятын, ішімдік тұратын той-жиындар азайды. Біз алыстаған жоқпыз. Олар өздігінен азая бастады” – деді әнші.