Әлемдік танымалдылыққа ие қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бірінші болып "Муз-ТВ" сыйлығында қызыл кілеммен жүріп өтті. Әртістің жанкүйерлері оны ыстық ықыласпен қарсы алып, қзақ уақыт бойы оның атын айқайлап тұрды, деп хабарлайды Stan.kz.
Әртіс бірінші кезекте оның атын айқайлаған жанкүйерлерге жақындап, өз қолтаңбасын берді.
"Димаш-жас әртіс болғанымен, жанкүйерлеріне алғыс айтып, қолтаңба беруді жақсы біледі. Мені байқағаныңызға рахмет", - деп әзілдеп қарсы алды тележүргізуші Максим Галкин.
Галкин Димашатан "Муз-ТВ" сыйлығынан не күтетінін және әнші дайындыққа қанша уақыт жұмсайтынын сұрады.
"Ұйымдастырушыларға шақырғаны үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Күн шуақты Қазақстаннан үлкен сәлем бергім келеді. Мен сәл жауап беруге қиналамын (жаттығу уақыты бойынша – ред.), өйткені әр жолы әр түрлі. Орта есеппен, бір-екі сағат", - деп жауап берді Димаш.
Сондай-ақ, Максим Галкин Димаштан халықаралық байқауларда жеңіске жету үшін не қажет екенін сұрады.
"Менің ойымша, ең бастысы - музыканы, көрермендерді және сен не істеп жатырсың соны сүю керек", - деп өз құпиясымен бөлісті қазақстандық әнші.
Айрықша айта кететін жайт "Муз-ТВ" телеарнаның ресми парақшасында "Биылғы шоуға Димаш Құдайберген қатысатын болса, ұмытылмастай болып өтетіні анық", - деп жарияланған еді.
Сонымен қатар, " Голос.Дети" жобасының биылғы жеңімпазы, қазақстандық жас әнші Ержан Максим де "Муз-ТВ" сыйлығын табыстау рәсіміне қатысып, қызыл кілеммен жүріп өтті.