Мұқағали Мақатаевты арақ ішті деп кінәлаған Мұхтар Шаханов ақынның өзі үшін үнемі биікте тұратынын айтты. Алайда ол адамның кемшілігін айтқан дұрыс деген пікірде деп хабарлайды "Talklike" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ақынның Мақатаевқа қатысты пікір өзгермеген.
"Мұқағалиды құрметтеймін. Бірақ, кемшілігі жайлы айтып отыруымыз керек. Онсыз шындық болады ма? Кім шындығын жоғалтып алса, сөзі мен ісі басқа болса, ондай ақынның да, ғалымның да, саясаткердің де ісі далбаса. Қазір қоғамда ондай адамдар қаптап кетті", - деді Шаханов.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Шаханов пәтерақысы екі-үш айдан бері төлей алмай жүргенін айтқан болатын. Артынша белгілі миллионер Қайрат Құдайберген ақынның пәтерінің ақысын бір жылға төлеп берген еді.