«Мен сізді сүйем»: Төреғалидің жары жұрт алдында сезімін білдірді

Толқын Тұрарбек жолдасы Төреғали Төреәліге деген сезімін білдіріп, көпшілік алдында ағынан ақтарылды. Отбасы құрғанына 7 жыл толған қуанышын жеткізді. Жұбайына деген ақ адал сезімін білдірді, деп жазады Stan.kz.

Әншінің жары жолдасының мінезіне, жомарттағы мен даусына, болмысына ғашық екенін мойындады. Дәл Төрештай азаматтың жары болғанына мақтанатынын жеткізді. 

“Бұл күн біздің отбасы тарихымызда елеулі күн. Осыдан 7 жыл бұрын дәл осы күні Төрем мені жетектеп анаммен таныстырған күн. Барым - бағымның бастауы мен өмірімнің мәніне айналған жүрегім! Кең жүрегіңізге күллі әлем сыйып кетердей, жомарттыңызға ғашықпын, иісі қазақ деп соққан жүрегіңізбен мақтанамын, айтылған әр сөзіңіздің астарында үлкен мәні бар өнеріңізді бағалаймын, талайды тәнті еткен дауысыңызды ести бергісі келетін сіздің ең үлкен фанатыңыз мен шығармын”, – деп жазды Толқын ханым.

Әншіні жары өмірлік серігіне шын ықыласын білдіріп, Алладан ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт тіледі. Құдай қосқан қосағының жомарттығы мен кең жүрегіне ғашық әрі ең жанашыр жанкүйері екенін айта кетті. 

“Ақылшым, парасаттылығыңызға деген пайымым тым бөлек, сіз өзіңіз жеке әлемсіз. Сол әлеміңіздің тілін түсініп, ымына ұғынып, сіздің алдыңыздағы қызметімді адал атқарып өтсем деген ниетім! Алладан тілегенім ұзақ ғұмыр, халқыңыз еркелеткен, жігіттің Төресі боп, береріңіз таусылмай жүре беріңіз!”, – дейді әншінің жары.

Толқын ханым өзінің жар алдындағы міндетін атқаруға серт етеді. Халықтың төресі болып жүре бер деген тілегін білдіріп, сүйіктісіне жүректен шыққан өлең жолдарын арнады. 

Сыңарым және теңім,
Мен сізді сүйгендіктен ән етемін.
Ұмытып кетейікші,
Өмірде қайғы-мұңның бар екенін.
Қорқыттың қобызын ап,
Бөлініп жолы жырақ,
Өтіпті ғашықтардың көбі жылап.
Өзіңсіз бір шаңырақ,
Кетердей құмша құлап,
Жанымда жаным жүрсе сол жұмақ!”, – деп жазды Толқы ханым.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста