Әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болған күніне орай оның аруағына құран бағыштады. Белгілі саясаткердің дүниеде өткеніне 14 жыл болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Жүнісова күні кеше ет-жақындарын жинап, жұбайының қайтқан күніне құран оқытқан.
Марқұм саясаткердің достары бірінен кейін бірі қолына микрофон алып, Нұрқаділовті есіне алып жатты. Олар досына деген сағынышын білдіріп, онымен бірге басынан өткен оқиғаларымен бөлісті.
Сонымен қатар келген қонақтардың арасында әншінің өнердегі әріптестері де болды. Олардың арасынан Алтынай Жорабаева, Мөлдір Әуелбекова, Жігер Ауыпбаев және тағы да өзге өнер адамдарын байқауға болады.
Күні кеше өткен жиындағы суреттер мен видеолар Instagram желісінде тарады. Мақпал Жүнісова желіде көптеген бейнематериалдарды жариялағанымен, олардың астына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойған.
Айта кетейік, Қазақстанның танымал саясаткері, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдыңі 12 қарашасында қайтыс болды.
Биыл Нұрқаділовтың өмірден озғанына 14 жыл толды. Саясаткер қазіргі уақытта тірі болғанда 75 жасқа толар. Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісованың Мерей есімді ортақ қызы бар.