Люкс санатындағы көлік мінетін отандық әншілер кімдер?

Жұлдыздар халық алдында жүргендіктен, олардың әрбір заты ерекше, әрбір киімі мінсіз болуы керек деген пікір қалыптасқан. Сондықтан болар, бүгінгі эстрада жұлдыздары өздеріне қымбат көлік сатып алып, көлік жүргізушілер арасында да жарқырап жүрген жөн деп есептейді.

 

Сонымен, жұлдыздар қандай көлік мінетінін NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

Қайрат Нұртас

Миллиондаған халықтың сүйіктісіне айналған Қайрат Нұртас бүгінде көлікті өзі жүргізбейтіні белгілі. Бірнеше жол апатына түсіп, жаны қалған әнші енді тәуекелге барып, өмірін қатерге тіккісі келмейтінін айтқан болатын.

Дегенмен, жеке жүргізушісі бар Қайраттың бірнеше көлігі де бар екені айдан анық. Оның суреттеріне қарағанда, оның Bentley маркалы қымбат темір тұлпары бар. Ол бұл көлігінің жанында үнемі суретке түсіп, желі қолданушыларынан жасырмайды.

Гүлзира Айдарбекова

Қайраттың анасы Гүлзира ханым да көптен бері көлік жүргізеді. Ол қазір қандай көлік мінетіні елге беймәлім болғанымен, жуырда ол жеке мұрағатын ақтарып, бұдан бірнеше жыл бұрын тізгіндеген темір тұлпары - Mersedes Gelendwagen-ді көрсетті.

Айқын Төлепберген

Үнемі елді күлкіге қарық қылып, әдемі әзілдерін сыйлап жүретін әнші Айқынның биік, сәнді көлігі бар.

Lexus LX 570 маркалы көліктің құны шамамен 30 миллионнан теңгеден асып артылады. Ал бұл көліктің соңғы жылдары шыққан су жаңалары тіптен қымбат.

Мәдина Сәдуақасова

 Жастайынан көлік тізгінін қолына алған Мәдина үшін көлік айдау таңсық емес. Бастысы таксилетіп жүрмей, қажеттілігімді өтесе болғаны деп санайтын Мәдина өзіне ыңғайлы көлік түрін мінеді. Бүгінде оның Lexus PX 350 F Sport маркалы көлігі бар. Қарапайым әрі өзіне ыңғайлы көлігін ол ауыстыруға ниетті емес.

Тәуекел Мүсілім

Өзінің сымбаттылығының арқасында жұлдызға айналған Тәуекел Мүсілімнің бүгінде су жаңа Range Rover көлігі бар. Оған оның продюсері Жанна Абуова алып берген. Бір сұхбаттарының бірінде актер, көліктің ақшасын продюсеріне әлі де төлеп жатқанын айтқан. Айтуынша, көліктің құны шамамен 100 мың АҚШ долларына жуық.

Айгүл Иманбаева

Айгүл Иманбаева көлік рөліне 2001 жылдан бастап отырған. Ең алғашқы көлігі Mazda-626 болғанын біреу білсе, біреу білмейді. Дегенмен, актриса бүгінде көлікті өзі емес, жүргізушісінің қолына тапсырған екен. Айгүл рөлден алыстағанына 5-6 жылдың шамасы болған.

Айдана Меденова

Айдана Меденоваға су жаңа Toyota көлігін жары сыйға тартқан. Көлігі дәл қандай марка екенін ашып айтпаған әнші өміріндегі құнды сыйлық - осы көлік болғанын мойындады.

Ал алғаш рет ханымға көлікті басқаруды әкесі үйреткен. Алғашқы көлігі де қарапайым Volkswagen Polo болған екен.

Асхат Тарғын

Танымал әнші Асхат Тарғын жуырда Toyota Camry-50 маркалы көлігін сатып алғанын айтқан болатын. Бұл көлігін ол тек қана өзі жүргенде мінеді. Ал басқа уақытта ол жеке жүргізушісінің көлігімен жүреді.

Бүркіт

Әнші әрі кәсіпкер Бүркіт өзінің жары Аиша ұл босанған кезде оған Lexus маркалы көлік сыйға тартқан болатын. Өзінің қандай көлікті тізгіндейтінін ашып айтпайтын әнші желідегі парақшасында мына көлікке деген ынтасы ауып жүргенін жеткізген. Желі қолданушылары оған ойланбастан осы темір тұлпарды сатып алуға кеңес беріп, әншінің талғамын мақтаған болатын. Бұл Range Rover көлігінің нарықтағы бүгінгі құны бағамен шамамен 45 миллион теңге.

Еркін Нұржан

Танымал әнші Еркін Нұржанның жары жуырда босанып, қыз баланы дүниеге әкелген болатын. Әнші бұл қуанышын жалпақ жұртқа жар салып, хабарлаған. Осы тұста ол желідегі парақшасына қызын шығарып алу сәтінен видеолар мен суреттер жүктеді. Желі қолданушылары желідегі ақ Bentley маркалы көлікке назар аударып, оны әншінің көлігі деп болжады.

Ернар Айдар

Фото Ернар Айдардың парақшасынан алынды

Ернар Айдар мына көлікпен бір емес бірнеше рет суретке түсіп үлгерді. Шымкенттік нөмірге назар аударған желі қолданушылары бұл кімнің көлігі екенін білмей, өзара дауласып қалды.

Кейбірі бұл оның досының көлігі десе, екіншілері қымбат көлікті Ернардың өзінікі деген нұсқаны айтты. Mercedes S-class маркалы қымбат көліктің өзі де, оның айрықша нөмірі де елдің қызығушылығын тудырып қойды.

Төреғали Төреәлі

Журналистерге сұхбат беруден қашатын Төреғали Төреәлінің көлігі елге құпия. Алайда бұдан аз уақыт бұрын желіде пайда болған мына көліктің суреті оның қандай көлікті тізгіндейтінін айқындап тұрғандай. Mercedes S-class маркалы көліктің соңғы моделі елдің назарына айрықша түсті.

Ал мына суреттегі көлік нөміріндегі TTT сериясы елдің күмәнін сейілтті.

Сиви Махмуди

Сиви Махмуди бағалы сыйлықтан ешқашан кенде қалған емес. Биылғы туған күнінде де ол құнды сыйлақтардың біреу емес, бірнешеуіне ие болды. Бірі Алматы орталығынан сыйға тартылған Lounge Bar болса, екіншісі жарының тарту еткен - Mercedes көлігі.

Ердос Канаев

"Жігіттер" тобындағы Ердос Қанаев көлік таңдағанда қарапайымдылықты сүйеді. Бағасы да тым асқақ көліктерді ол жақтыра бермейді. Мәселен оның Nissan Teana көлігінің құны елдікі секілді шарықтап тұрған жоқ. Шамамен 7-8 миллион теңге аралығында тұратын мұндай көлік қарапайым халық үшін де қолдетімді бағада сатылады.

Жадо

Әнші Меруерт Түсіпбаевамен соттасып жатқан Жадо өзінің көйлектерін де, көлігін де жұртқа көрсеткенді ұнатады. Мәселен, мына көлігін ол халыққа ұсынудан қашпайды. Оның көлігінің маркасы -  Land Range Rover.

Ерлан Орынбасаров

Үлгілі отағасы, сүйікті жар атанған Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева отандық эстрадағы ең қарапайым жұптардың бірі. Оларды халық та сүйіп тыңдап, үнемі сүйсініп жүреді. КТК арнасының "Басты рөлде" бағдарламасында Ерлан Орынбасаров өзінің көлігін көрсеткен. Айтуынша, Toyota Camry 50 көлігін ол 25 мың долларға алған.

Серік Ибрагимов

"Жаяу" әнін шырқап, елге жаяу жүрудің пайдасын түсіндіргісі келген әнші Серік Ибрагимов өмірде жаяу жүрмейтін болып шықты.

Бүгінде оның продюсері оған 32 мың долларға көлік алып берген. Әншінің сөзіне сенсек, бұл оның алғашқы көлігі екен. Қандай маркалы көлікке ие екенін ашып айтқысы келмеген әнші жаяу жүріп, такси ұстағаннан гөрі, өз көлігің болғанның пайдасы көп екенін айтады.

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста