Әнші Өмірқұл Айниязовтың шаңырағынд үлкен қуаныш. Әнші араға 21 салып әке атанып отыр. Ерлі-зайыпты қызды болды.
Сүйінші жаңалықты Айниязовтың өзі хабарлап, қуанышын көппен бөлісті.
"Құрметті ағайын, Өмірқұл балаларыңыз араға 21 жыл салып, 21-ғасырда, 21- жылы қызды болды.Біздің үйде үлкен қуаныш!!! Құрметті ағайын, неше күннен бергі тілектеріңізге үлкен рахмет айтамын. Қызымыз үлкен қыз боп өссін", - деп жазды әнші.
"Бауы берік жасы ұзаққыз болып өссін", "Құтты болсын,бауы берік болсын, иман жүзді сұлу қыз болсын", "Бауы берік болсын. Ғұмырлы, салиқалы, салмақты, иманды азаматша болсын", "Қызыныздың бауы берік болсын әйдік азаматша болып өсе берсің", "Ассалаумағаликум Аға!!! Құтты болсын жаңалықтарыңыз... Әдемі де көрікті қыз болсын. Қазаққа тән табиғатында мінезі мол қыз болып өссін. Қашанда қуаныштымыз жақсы жаңалықтарыңызға", "Құтты болсын,бауы берік болсын", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Өмірқұл Айниязов мен жары бұған дейін бір ұлды тәрбиелеп өсірді. Әншінің жары 21 жылдан соң қыз баа сыйлап, әнші тағы да әке атанып отыр.