«Көктем шуағы»! Кездесуге қатысқан әйелдер мен арулар жайлы
Ақордада Халықаралық әйелдер күніне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі өтті.
Кездесуге сан түрлі кәсіп өкілдері: әскери қызметшілер, кәсіпкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет пен өнер қайраткерлері шақырылды.
Мемлекет басшысы оларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Қазақстанның барша әйелдер қауымына бақыт, денсаулық және бақ-береке тіледі.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі әйелдердің әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті.
– Тәуелсіздік жылдарында біз көп нәрсені еңсердік. Қазір елімізде береке мен тыныштық орнады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» және басқа барлық бағдарламалар осыны көздейді. Әйелдер, отбасын сақтаушы ретінде бақ-берекені ең алдымен балаларынан, дастарқанынан сезінеді, сол арқылы мемлекеттің қамқорлығын сезінеді, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы елдегі әйелдер қауымы өкілдерінің белсенділігі артып келе жатқанына тоқталды.
– Бүгінде мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердің басым бөлігін әйелдер құрайды. Денсаулық сақтау саласында олардың үлесі 75 пайызға, білім беру саласында 65 пайызға дейін жетеді. Бизнестегі басшылардың да 40 пайызы нәзік жанды арулар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесуге шақырылған қонақтар ішінде мәдениет саласының өкілдерінен әнші Жанар Дұғалова, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, «Қазақ аруы — 2014» байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова, опера әншісі Салтанат Ахметова, актриса Бибігүл Сүйіншәлина және спорт саласы бойынша кәсіби теннисші Зарина Диас, волейболшы Сабина Алтынбекова бар.
Жанар Дұғалова
Өзіндік ерекше даусы бар талантты әнші. Сонымен қатар, әрі актерлік шеберлігі де жетерлік. «Ғашық жүрек″, «Махаббатым жүрегімде» фильмдерінде ойнаған. Бос уақытында әндерінің сөзін өзі жазады. «Turkvision 2014» ән байқауының жеңімпазы.
Ләйлә Сұлтанқызы
Танымал тележүргізуші, қазіргі таңда «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. Сонымен қатар, продюсерлік қырынан да таныла білді. 2012 жылдың 4 мамырынан «Балапан» телеарнасын басқарып, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып жүр. Бүгінде Ләйлә Сұлтанқызы аяулы ана, асыл жар. Қайрат есімді жұбайы бар. Ләйлә ханым мен Қайрат мырзаның бүгінде Сағадат және Сардар есімді 2 ұлы бар.
Зарина Диас
Қазақстанның кәсіпқой теннисшісі. ITF турнирлерінен бесеуінің дара санатта жеңізпазы. Зарина Прага ашық ECM 2009 турнирінда ширек финалда ойнады. Ол алғашқы ең үздік 50 жеңісіне Кремль Кубогы 2010 жарысында жетті. Сәтті іріктеуден соң Зарина Әлемдік No. 49 Гисела Дулконы алғашқы айналымда 6–3, 6–7(1), 7–6(5) ұтқан. Содан Зарина жоғарғы кәрзеңкелік әрі Әлемдік Елена Янковичті 59 минут 6–1, 6–2 жеңген.
Салтанат Ахметова.
«Астана Опера» МОБТ жетекші солисі. Ресейде өткен «Большая опера» жобасының 3-маусымының жеңімпазы. «Большая опера» «Россия и К» телеарнасының жобасы. Биыл мыңдаған көрермендер дауыс беру нәтижесінде анықтаған жеңіс Қазақстандық Салтанат Ахметоваға бұйырды.
Гүлназ Жоланова.
«Қазақ аруы 2014» cұлулық байқауының жеңімпазы. Маңғыстау өңірінің тумасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 4-курс студенті. 12 жыл бимен айналысқан, «Шабыт» би ансамблінде биші болған. Сонымен қатар, актрисалық қырынан да танылып жүр. «Махаббатым жүрегімде» фильмінің басты рөлінде ойнады. Биылғы «Қазақ аруы 2015» байқауының жеңімпазына салтанатты түрде тәжді табыс етеді.
Бибігүл Сүйіншәлина.
Жеті жасында Бибігүл модель болып жұмыс жасаған. 2006 жылы модель ретінде Сингапурға, кейін Тайландқа шақыртылады. 5 ай шетелде жүріп, үйге оралған соң бірден Мәскеуге «Громовы2» телехикаясының түсіріліміне аттанып кетті. Громовыдан кейін Мәскеуге оралып, «Сага о Хантах» фильміне түседі. ВГИК-тің актерлік факультетінің студенті. «Пираньи», «Нереальная любовь», «Жан жүрегім — Астана», «Трубадур», «Астана – менің махаббатым», «Красный лёд. Сага о хантах Югры», «Громовы. Дом надежды» фильмдерінде ойнаған. «Дарина» новелласының актрисасы.
Кездесу соңында мемлекет басшысы барлық қатысушыларға арнайы сыйлығын табыстады.
Біз де барша аруларды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!