Үлкен ұлы мен келіні Мальдив аралдарында демалып жүргенде Гүлзира Айдарбекова кіші келіні мен баласын алып Таиландқа аттанды. Instagram парақшасында естелік суреттермен бөліскен продюсерді оқырмандары сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.
Кіші келінін енесінің жанынан ашық-шашық көрген оқырмандар Айдарбекованы сынап тастады. Олардың айтуынша, санын жалаңаштаған келінінің әрекетіне көз жұма қараған енесі кінәлі екен.
Тіпті бір оқырман «кіші келіннің әрекеті, абысынын яғни Жұлдыз Әбдікәрімованы көреалмаушылық. Қайрат пен Жұлдыз демалыста жүргенде үйде отырса қайтеді?», - деп сынады.
Алайда мұндай теріс пікірге шыдай алмаған Гүлзира Айдарбекова оқырманына жауап қайтарды.
«Білмей жатып бекерге кір жағасыз. Екі келіннің шаңырағы екі бөлек. Баламды айдап салатын келін жоқ, менде! Әкесі екеуміз не айтамыз, сол болады! Сүмелек ұлдарым да жоқ, еріп кететіндей. Бізге осы ай демалуға ыңғайлы уақыт шығар?! Біздің өмірімізге килігіп қажеті жоқ. Екі келінім де өзінше жақсы. Әйгерімімді олай кінәлау орынсыз. Біздің үйіміздің қызыл гүлі ғой», - деп сөзін аяқтады продюсер.
Ал оқырмандар болса, «Орынсыз сынға күйіп-пісіп қайтесіз?», «Мән бермеңіз», «Келінді —гүлім, жұлдызым деген сөзіңізге тәнтімін! Балаларыңыздың бағы бес елі болса керек», «Керемет. Балаларыңыз бақытты болсын», «Сіздерге екі дүниенің бақытын нəсіп етсін. Сіз бақытты болуға лайықты жансыз. Ұл-қыздарыңыз, немерелеріңіз аман болсын» деп пікір білдірді.