Отбасы жайлы ақпараттарды құпия ұстайтын Гүлнұр Оразымбетова ер жетіп қалған ұлдарын көрсетті деп жазадыKAZ.NUR.KZ.
Суретті әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Ал желі қолданушылары әншінің сымбатты ұлдарына сүйсініп қалғандарын жасырмай, жарыса пікір жазған.
"Ұлдарыңыз келбетті екен", "Бақытты болсын", "Балаларыңның қызығын көр", "Анасының екі жағындағы тіреуі ғой", "Біреуі өзіңе, екіншісі әкесіне ұқсайды екен", "Балаларыңыз әкесі секілді көрікті екен".
"Кенжеңіз әкесінен айнымай қалыпты", "Жап-жассыз. Ересек ұлдары бар деп кім айтады сізді?" деп жазды желідегілер.
Сондай-ақ көпшілік арасында әншіден жұбайы жайлы сұрағандар да табылды.
Олар "Күйеуіңіз неге жоқ?", "Жұбайыңызды суретке қоспағансыз ба?" деп сауал жолдады.
Алайда әнші желі қолданушыларының сұрағына жауап бермеген.
Естеріңізге сала кетейік, Гүлнұр Оразымбетова бір сұхбатында өзінен 21 жас үлкен күйеуімен қалай бас қосқанын ашып айтқан болатын.