Отандық эстрада жұлдызы Айгүл Иманбаева жұртқа өзінің сүйіктісін көрсетті. Әнші ғашығының суретін Instagram парақшасына жариялаған деп жазады NUR.KZ.
Иманбаева жазбасын "Сені ешкімге бермеймін, сұрамасын" деген сөздермен толықтырған.
Алайда танымал әнші әрі актриса ғашығының көзін жүрекшелермен жасырып қойыпты.
Халық еркесінің бұл суретін көрген көпшілік оған бақыт тіледі.
"Енді ұлан-асыр той жасап, шақырсаңыздаршы", "Бұл кім?", "Бақытты болуға лайық жансыз", "Дұрыс, бермеңіз", "Сұрап жүргендер бар ма?"- деп жазды олар.