Биылғы жаз отау құрған Ернар Айдар көпшілікке өзінен аумайтын жарын көрсетті. Әншінің желідегі парақшасындағы видеосын көрген тыңдармандары Ернар мен жарының бір - біріне қатты ұқсайтынын жазды.
"Жарыңыз өзіңізге ұқсаған сұлу екен!", "Бір -бірінен аумай қалыпты", "Келіншегінің түрі суықтау сияқты", "Бұлардың бәрі Қайратты күтіп жүрген ба?", "Бақытты болыңыздар!", "Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын",- деп жазған желі қолданушылары.
Қайрат Нұртас жарын көпшілікке көрсеткелі бері Төреғали Төреәлі, одан кейін Ернар Айдар жұбайын көрсетті.