Әнші Еркін Мәулен бойдақтық өмірімен қоштасты. Өнер иесі қолына ақ құсын қондырды.
Әншінің таңдаған жары Батыс Қазақстан облысының тумасы. Той күні де белгілі болды. Жас жұбайлардың дүбірлі тойы 4 – сәуір күніне белгіленді.
Еркін Мәулен 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрылысшы мамандығы бойынша білім алған. Өнер жолында алғаш сахнаға шығып, халыққа танылуына продюсер Алтынбек Рахметов үлес қосқан. Қазір әншінің қоржынында «Махаббат бағы», «Ақ жауын», «Арман қыз», «Тереңдеп қарайсың», «Неліктен» сияқты бірнеше әні мен бейнебаяндары бар.