Дина Төлепберген: Мен тұрмысқа шыққанда той да жасаған жоқ

Елді індет жайлағалы бері той мәселесі өткір тақырыптардың біріне айналды. Тележүргізуші Дина Төлепберген осы тұста өз пікірін білді. Қазақтың көп ақшаны керексіз дүниелерге ысырап етіп, үнемдей алмайтынын сөз етті.

Дина Төлепберген алғашқы пәтерін 22 жасында алғанын айтты. Оған үнемділікпен, еңбекпен жеткен.

 

"Той туралы пост жыр болып жатыр. Ал мен болса, көпшіліктің тойсыз да бақытты болуға болатанын айтып жатқанын оқып, бақытты болып жүрмін. Енді тойдан кейінгі этапқа өтейік. Үйлену оңай, үй болу қиын.

Мен өмірдегі бірінші өз пәтерімді 22 жасымда алыппын. Алғандай қалай... кредитке алғанмын ғой. Әлі есімде, Нұр-Сұлтан қаласында (ол кезде Астана) екі бөлмелі әлі салынбаған пәтер 7млн теңге тұрған. Несие алу үшін 700мың теңге құю керек еді.

Менің мақсатым қайтсем де сол 700мың теңгені табу болды. Ал қалған ақшаны қалай төлеймін? Ол туралы ойлағам жоқ. Сөйтіп, жұмыс пен эконом режимін қостым. Бір апаның үйіне үш қыз боп, подселениеге барып тұрдық. Әлгі апамыздың ұлы бар еді. Жақсы-ақ кісі көрініп еді. Сөйтсек кейде қатты ішеді екен. Сөйтіп бір күні қорыққанымыздан далада қалғанбыз. Кейін көшіп кеттік", - деп жазды парақшасында.

Тележүргізуші баспанасыз күндерде пәтер жалдап күн көрген. Сондықтын пәтер жалдау машақатын бір кісідей біледі. Одан арылу үшін қажетсіз нәрсеге ақша  жұмсамай, үнемдуді үйретеді.

"Қанша мәрте көштім десеңіз... Оу, оны енді есептей алмайтын шығармын. 20-30 рет... Өйткені кредит алған соң, әлгі пәтердің соғылып біткенін тағы екі жыл күттім емес пе....

Қысқасы, қиын болмай қызық жоқ. «Все будет, но не сразу» 
Айтпағым, тойға шығындалғанша, сол ақшаны пәтер алу, үй салуға жұмсаған абзал, менің жеке пікірім бұл. Суретте кредит төлеу үшін еңбектеніп жүрген кездерім. 2011 жыл", - деп жазды тележүргізуші. 

Дина Төлепберген бұдан бөлек өзінің тойсыз тұрмысқа шыққанын айтып қалды. Тойсыз да бақытты  болуға болатынын айтып сендірді. 

 
 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста