Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев кездесіп жүргендерін ақыры мойындады. Көпшіліктен жасырын кездесіп жүрген екі әнші ара қатынасын көзі қырағы көрерменнен жасыра алмады. Екеуі бірге жүргенін мойындап, көпшілік алдына шықты. 
Бұл туралы Ерке Есмахан Интаграмдағы тікелей эфир кезінде айтты. Әнші тыңдармандарының сұрақтарына жауап берді. Тыңдарманның бірі әншілер Азамат туралы сұрады.
 
"Эйзи аман-есен. Көңіл-күйі жақсы. Бақытты. Көйлегі көк, тамағы тоқ",- деді Ерке. 
Әнші Азамат Зенкаевпен бірге отырғанын көрсетті. Тыңдармандары сан сауал қойып, енді бір бақыт тілеп жатыр.
Ninety One тобының экс-мүшесі Азамат Зенкаев тікелей эфирде көрерменге сәлем жолдады. 
Ерке Есмахан алғаш рет Азамат Зенкаевпен ара қатынасына қатысты пікір білдірді. 
"Ерке Есмахан болу да оңай емес. AZ-мен жүру де оңай емес, бір қарағанда", - деп жазды әнші желідегі парақшасында. 
Осыдан біршама уақыт бұрын желі қолданушылары Ерке мен Азаматтың кездесіп жүргенін болжаған еді. Алайда екі әнші де бұл ақпаратты растаған жоқ. Жас айырмашылығына қарамастан бірге жүрген әншілер көпшіліктің қызығушылығын арттырғаны рас. Енді бұл болжам шындыққа айналды. Алайда бұл әншілердің кезекті хайпы деп топшылағандар да бар. 
"Кезекті хайпы шығар. Хайп жасаудан шаршамайды", "Сіздер жұп емессіздер ғой", Халықты алдаудың керегі не?", "Махаббат жасқа қарамайды, мүмкін шын жақсы көретін шығар", "Одан да бақыт тілейік", - деді желі қолданушылары. 
https://www.instagram.com/stories/kyzykta_r/?utm_source=ig_embed
Бұған дейін Ninety One продюсері Ерболат Беделхан Азаматтың Еркемен көңіл қосқанын естіп таңданысын білдірген еді.