Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаеваға: Күйеуің сенің кобра екеніңді білмей жүр

Айнұр Тұрсынбаева жолдасын туған күнімен құттықтады. Көпшілікке жұбайының мінезі мен жақсы қасиеттері туралы айтып, жер-көкке сыйғызбай мақтады. 

Бұл туралы Тұрсынбаева желіде жазды. 

 
Құласам демеп, жыласам жұбатқан жарығым туған күніңізбен.
Жолықсаң біздің елдің тентегіне,
Өмірдің қарамайды келтеңіне..
Досына жалғыз атын сойып беріп,

Қалады жүген ұстап ертеңіне- деген өлеңді бәріңіз білесіздер ғой, осы өлең тұп-тура Нұрекеңе арналған ба деп қалам-Өзі дүкен аралап киім алғанды жақсы көреді, бірақ ертесіне соның бәрін таратып жіберетіні қиын. Қалтасындағы соңғы тиынын садақаға беріп жіберіп - Алла жеткізеді-  деп күліп қойып жүре береді. Тағы бір ерекшелігі Алладан басқадан қорқу дегенді білмейді. Жаны жомарт, аңғал, ақ көңіл деген теңеудің бәріне лайық, әлхамдулиллах!


Айнұр Тұрсынбаева күйеуі екеуі жетім балаларға шәкіртақы төлейтін болды

Айнұр Тұрсынбаева: Күйеуімнің мінезі жаман, таяқ жеп қалам ба деп қорқамын

Мені мақтағанның бәрімен дос, мені жамандаған адаммен ата жау. Түзде қандай қатал болса, үйде одан мейірімді адам жоқ. Қасымда қамқорым болып аман жүріңіз. Ноқтаға басы сыймаған асау тұлпардай батырыма екі дүниенің абыройын тілеймін. Инстада отырып бүкіл комментарийді жібермей оқып отыратынын ескеріп ақ тілектеріңізді жаудырып жіберіңіздер-, - деп жазды айтыскер.

Бұған Балғынбек Имашев әзілмен жауап берді.

"Сенің жылан екеніңді білмейді ғой. Мен айтқанға сенбейді. Алла екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!", деді Имашев.

"Құттықтаймын Айнура, жүрегіңнің ішіндегі жүрегің аман болсын", деп жазды Ләйлә Сұлтан.

"Алла бақтарыңды еселей берсін", деді Жазира Байырбекова.

"Бақытты болыңдар!!!!!", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

"Аллах екі дүниеде де жүздеріңізді жарық қылсын, абыройыңыз асқақтай берсін, екі дүниенің бақытын, екі дүниенің байлығын тілеймін! Бақыттарыңыз баянды болсын", деді желі қолданушылары. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста