Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты жағымсыз пікір жазатын оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқырмандарының бірі Еркеге АZ-мен қосылғанша басқаға тоқал болуға кеңес берген: "Саған басқа жігіт керек еді негізі. Тоқал болсаң да".
Бұл сөз Ерке қыздың шамына тисе керек, әнші былай деп жауап берді:
"Өз ақылдарыңыз өздеріңізге, тасып бара жатса ақылды бала-шағаларыңызға айтыңыздар!
Мен біреудің семьясын бұзып, балаларының көз жасына қалып, ешқашан тоқал болмаймын. Біреудің ала жібін аттап, бақытты бола қоймаспын.
Мен тәрбиені және махаббатты таңдаймын! Жүрегім тыныш, бақыттымын! Шүкір! Ал ақылшылар, успокойтесь!"
Сондай-ақ, оқырманның бірі Еркенің боянатын жігіттерге қатысты ойын сұраған. Астарлы сұрақты бірден түсінген ол:
"Жақсы қараймын. Мысалға біздің косметикамыз ортақ", - деп әзілмен жауап берді.