Ақбота Керімбекова үшінші күйеуін ақшаға қызықты деп сынағандарға жауап берді

Үшінші рет шаңырақ көтеріп, ақ көйлек киген Ақбота Керімбекованы ерінбеген адамның бәрі сынға алды. Біреулер әншіні "ұяттан жұрдай" десе, тағы біреулер оның өзінен кіші үшінші жарын "Ақботаның ақшасына қызықты" дейді. 31 арнаға сұхбат берген Ақбота мен жұбайы өздерін сынға алған тыңдармандарға жауап берді.

 

Ақбота Керімбекова жұбайымен. Фото: Интернет желісінен

"Тойға қатысты "Ақбота бәрін өзі сатып алыпты", "күйеуі ақшасына қызыққан ғой" деп  жақсысы бар, жаманы бар небір пікірлер айтуда.  Білмеймін, ақшам мен дүнием асып-тасып жатқан жоқ, Алланың берген нәсібімен осы уақытқа дейін өмір сүріп келе жатырмын.  Өзіме, анама, балаларыма деп екі үй тұрғыздым. Рауан аса бір байлыққа қызығатын болса менен әдемі, менен жас қыздар толып жатыр.  Өзі де көрікті жігіт. Сол себепті дүние жағынан қызықты деп айта алмаймын. Қазір не көп, басы бос, жағдайларын жасап алған, қалталы қыздар көп. Өнерімді сыйлап, "бақытты қылайын", "бақытты болайық" деген ниеті мен тілегі деп білемін", -дейді Ақбота.

Әнші өзін халықтың қатаң сынға алатынын біліп, жұбайы Рауанға той жасамақ-ақ қоюды ұсынған. Дегенмен "ондай пікірлердің болуы заңды, сен халықтың қызысың" деген әншінің жұбайы екі жақтың үлкендерінің батасын алуды қалапты.

Ақбота Керімбекова жұбайымен. Фото: Интернет желісінен

"Жолдасым  тойды жасайын, достарым мен ел жұрттың батасын алайын деп, бәрін өзі атқарды. Өнерде жүрген достарымның қолдауы бар, өміріміз күндей жайнап, жылулыққа толы болсын деген ниетпен сары түсті таңдадық. Рауан қинап, ақ көйлек ки деді. Ел не десе де ол сынақты көтереміз, Алла көтере алатын құлына ғана сынақ береді емес пе?!",- дейді әнші.

Еске салсақ, Ақбоат Керімбекова жуырда үшінші рет отбасын құрып, ашық аспан аясында дүркіретіп үйлену тойларын өткізген. Жұбайлар тіпті тойға дейін бал айларын шетелге барып өткізіп келді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста