Неше күннен бері елді шулатып жүрген Ақбота Керімбекова ұлының тойын өткізді. Күні кеше әншінің 20 жастағы тұңғышы Біржан мен келіні Әйгерімнің заңды некесі қиылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Әншінің қуанышына шоу-бизнес өкілдері тайлы-тұяғы қалмай түгел жиналды.
Осыдан бірер жыл бұрын істі болып, сотталған Тұңғышбай Жаманқұловты көрген ел бұл күні бір қуанып қалды.
Сондай-ақ, танымал актер Досхан Жолжақсынов өзінің “төлқұқажатына” айналған әнін арқалап келді.
Сондай-ақ, жақында ғана түрмеден босап шыққан Гауһар Әлімбекова Ақботаның қуанышына ортақтасып, тойда ән салды.
Айта кетейік, Ақбота Керімбекованың ұлы Біржан 20 жаста. Ол – үш ұлдың тұңғышы. Нағашы әжесінің қолында тәрбиеленгендіктен, анасын сырлас әпкесіндей көреді. Керімбекованың сөзіне сенсек, жаңа түскен келін оған емес, анасы Бибіажар ханымға қызмет етеді.
Stan.kz