Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мақпал Исабекова алғаш рет көпшілікке өз тұңғышын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әнші мен оның жолдасы былтырғы жылдың маусым айында ата-ана атанған болатын.
“Танысып қойыңыздар, бұл Теодор”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.
Тұңғышын жүзін ұзақ уақыт бойы көпшіліктен жасырған Мақпал араға сегіз ай салып ұлын оқырмандарымен таныстырды.