Әйелінің туған күніне ерекше тосынсый жасаған Кенжебек Жанәбілова жұртты тамсандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жаным туған күніңмен! Бала-шағаның қызығын көріп, бақытты күн кешуді Алла нәсіп етсін. Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын!
Әлпештейді, аялайды адал жар,
Жар жылуы – жүрекке нәр, соны аңғар.
Өзіңді өзің құрметтегің келсе егер,
Аяулыңды жүрекпен сүй, адамдар", - деп жазды Кенжебек Жанәбілов.
Мұны көрген желідегілер өнер иесін құттықтап, отбасына барлық жақсылық атаулыны тілеген. Олар жылы сөздерін жарыса жазып, пікір білдірді.
"Кенжик-Жәмиля, құтты болсын! Бақытты болыңдар", "Денсаулығы мықты болсын. Ұзақ бақытты ғұмыр тілеймін", "Ұрпағыңыздың рақатын көруді Алла нәсіп етсін. Кенжебек екеуіңізге баянды бақыт тілеймін", "Жұптарың жазылмасын", - деп жазысты жұрт.