2018 жылы балалы болған жұлдыздар

Ит жылында көптеген өнер иелерінің шаңырағы іңгәлаған сәбидің үнін “естіді”. Біреулер қызды болды, ал енді біреулер атұстарым өмірге келді деп қуанды. Stan.kz ақпараттық агенттігі 2018 жылы балалы болған танымалдар тізімін ұсынады.

Сәуір айында Бүркіт пен Аишаның отбасы кішкентай ханшайыммен толықты. Осыдан 8 жыл бұрын отасқан жұлдызды жұп екі ұлдан кейін армандаған қыздарына жетті. Оған Сафия деп есім берді.

Мамыражай мамырда әке атанғандардың қатарында Сәкен Майғазиев те бар. Өнер иесі биыл төртінші рет әке болу бақытын сезінді, қызды болды. Сәкеннің де өз қызына Сафия деп ат қойғанын айта кетейік.

Сәуір айында Төреғали Төреәлі де “үш дүркін” әкелер санатына қосылды. Өнер иесінің жары Толқын үшінші қызын босанды. Алғашқы екі перзентінің есімін өзіне ұқсатып “Т” әрпінен қойған Төреш бұл жолы қызына Фатима деп есім берді.

Қараша айында Тоқтар мен Бейбіттің шаңырағында төртінші атұстар дүниеге келді. Тұңғыштары Беколжастан кейін егіз ұлдың ата-анасы атанған жұлдызды жұп араға үш жыл салып тағы да сәбилі болды. Бейбіт Сейдуалиева жұбайының туған күнінде босанып, оған үлкен сыйлық жасады. Нәрестеге Тоқтардың анасы Шахнұр деп есім берді.

Дәл осы айда Заттыбек Көпбосынұлы да бақытты әкелердің қатарына қосылды. Өнер иесі 18 жыл күткен бақытына қол жеткізді. Әнші жұбайымен отасқаннан кейін тұңғыш қызын 10 жыл күткен. Тағы жеті жылдан кейін атұстары өмірге келді.

Асылхан Төлепов қыркүйек айында алғаш рет әке атанды. Ұлды болған Асылхан атұстарына Алпамыс батырдың есімін берді.

Маржан Арапбаева үшінші қызын өмірге әкелді. Бір қызығы, Арапбаева да қызына Сафия деп есім берді.

Наурыз айында ақын Ринат Зайытов бесінші мәрте әке атанып, қызды болды. Айтыскердің бүгінде төрт қыз, бір ұлы бар.

Жақында бесінші мәрте әке атанғандардың қатарында Тұрсынбек Қабатов та бар. Белгілі актердің бесінші перзенті, екінші атұстары өмірге келді.

Динара Сұлтан да биыл көпбалалы аналардың қатарын толықтырды. Әнші ұлды болды. Бүгінде Динара жары, меценат Ерлан Қожасбаймен бірге үш қыз, екі ұл баланы тәрбиелеп отыр.

Сондай-ақ, Мұқасан Шахзадаев, “Ринго” тобының қос бірдей әншісі Батыр Байназаров пен Аян Бірбаев, Сержанәлі Әлібек, Марат Оралғазин, Рүстем Жүгінісов, Айдай Исаевалардың шаңырағы ит жылында тағы бір жанмен толықты.

 Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста