Қазіргі таңда əлеуметтік желілер арқылы кімнің қайда, не істеп жүргенін білуге болатын болды. Әсіресе, танымал тұлғалардың өміріне қызығушылықпен қарап, инстаграм парақшаларын қадағалап жүретіндер көп. Жұлдыздардың әр жүріс-тұрысын, киімі мен түріне сын айтушылар да жетерлік. Байқасаңыз, пікірлер екіге жарылып, бірі ақтап, бірі мақтап, енді бірі даттап жатады.
Мысалы, Мақпал Исабекованың суреттерінің бірінде мынадай пікірлер бар: «Ұятын-ай, қазақтарға жараспайтын қылық қой бұл деген, масқара», «Аай, көргенсіз, ұятсыздар-ай», «Қазақтың қызына бұл жүріс жараспайды. Мақпал болсын, басқасы болсын. Адамдардан, әке-шешеңнен ұялмасаң да, әлемдер раббысы Алладан ұялмайсың ба?! Ол сені барлық жерде көріп тұр ғой», «Мақпал өзің әдемісің. Сөз жоқ, қалай киінесің, қалай жүресің — өз еркіңде. Тек xалық алдына не салу керек, не салмау керек ойлану керек шығар. Өзгені сыйламасаң да, өзіңді сыйла!» деген сияқты пікірлерден көз сүрінеді.
Мәдениетті түрде өз пікірін қалдыра алмайтындар көбейді. Тіпті, әншілердің кейбір жазылушылары тым артық кетіп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатады. Көп жағдайда қазақтілді оқырмандар жерден алып, жерге салып, көңілге қонымсыз сөздермен жұлдыздардың жанын жаралайды. «Қазақ халқында ондай жоқ, бұлай дұрыс емес» дейтіндер алдымен біздің халқымыз сөзге тоқтаған, ешкімнің көңілін құлатпаған ел екендігін білген абзал шығар. Гакку телеарнасы жұлдыздардың жауабын көрерменге ұсынды. Ендеше, кейбір жағымсыз пікірлерге жұздыздар не деді?