Жаңбыр, көктайғақ, тұман. Демалыста ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 15-17 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, Қазақстан аумағында Қара теңізден келетін белсенді ылғал циклон мен Скандинавия түбегінен келетін суық арктикалық ауа басым болады.
"Суық пен ыстықтан фронталь учаскелер белсенді болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады. Батыста жаңбыр, солтүстік облыстарда қар аралас жаңбыр, боран, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік облыстарда да аптап ыстық төмендеп, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Республиканың барлық аумағында, елдің оңтүстігінде екпіні секундына 30 метр және одан да көп күшті жел күтіледі", - делінген хабарламада.
16 сәуірден бастап Батыс Қазақстанда, 17 сәуірден бастап Түркістан облыстарында түнде үсік болады.