Қонаевта бос жатқан жерлер мемлекет қорына қайтарылып жатыр
Қонаев қаласында бос жатқан жерлер мемлекет қорына қайтарылып жатыр.
Қалалық жер қатынастары бөлімі Шеңгелді, Заречный, Арна ауылдарының айналасындағы жайылымдық жерлерді ел игілігіне берді. Мысалы, Арна ауылындағы өнеркәсіп аймағынан 15 гектар жер алған кәсіпкер оны ұзақ жыл бойы игермеген. Енді арадағы келісім-шарт бұзылды. Сондай-ақ, Қонаев қаласында 38 учаскесінің тиісті мақсатта пайдаланылмағаны анықталды. 5 шаруашылықтың жайылымы және 10 гектарды құрайтын суармалы егістік алқаптары бойынша, талап арыз сотқа жолданды. Жалпы, қала аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 120 мың гектардан асады.
Рауан Жамағатов, қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы: - Жыл басынан бері 11 мың гектарды қайтарамыз деп бағдарлама құрған болатынбыз. Оның 21 мың гектары жеке меншік болуы себептен жер ресурстарын қорғау департаемнті арқылы қайтарылатын болады. Олар қазір сот тәртібінде қарастырылып жатыр 20 субъекті бойынша.